Өнім • 06 Маусым, 2023
Биыл қаңтар-сәуір аралығында сүт өнімдерінің өндірісі 173,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғы көрсеткіштен 32,9 пайызға асып түсті. Өңірлік бөліністе өндіріс тұрғысынан Солтүстік Қазақстан облысы алға шықты. Ондағы өндіріс көлемі 31,7 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 52,3 пайызды құрап отыр. Екінші орында Алматы облысы. Шығарылған өнім көлемінің сомасы – 30,4 млрд теңге, ал өсу көрсеткіші – 28,5 пайыз. Үшінші орында Қостанай облысы – 24,6 млрд теңге және 76,6 пайыз.
Шаруашылық • 06 Маусым, 2023
Тарбағатай: Түйіні шешілмеген түйткіл көп
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың агроөнеркәсіп саласын дамыту туралы тапсырмалары, осы саланың маманы болғандықтан, мені де бейжай қалдырмады. Қолыма қалам алып, өз көрген-білгенімді ой елегінен өткізіп, ортаға салғым келді. Кеңес одағы тарағаннан кейінгі дағдарысты біздің Тарбағатай ауданы да бастан кешті. Облыстар мен аудандар қысқарды. 1997 жылы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауданына қосылды. Бұл жағдай халықтың әл-ауқатының төмендеуіне әкеліп соқты.
Жастар • 06 Маусым, 2023
Жастарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі мен «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы бірлесіп қолға алған жоба алғашқы нәтижесін бере бастады. Бағдарлама аясында жеңілдікпен несие алуға қол жеткізген алғашқы 10 жасқа облыс әкімі сертификат тапсырды.
Пікір • 06 Маусым, 2023
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы осыған дейін әлем чемпионатына 10 мәрте қатысты. 2021 жылы Латвияда өткен жарыста жерлестеріміз өздерінің ең үздік нәтижесіне қол жеткізді. Балтық жағалауында біздің жігіттер 10-орынға табан тіреді. Ал өзге бәсекелердегі көрсеткішіміз мынадай: 12-орын (2005 жылы), 13-орын (2004), 14-орын (2022), 15-орын (1998, 2006) және ең соңғы 16-орын (2010, 2012, 2014, 2016).
Халық • 06 Маусым, 2023
Алағай да бұлағай замандарда босып кетіп, бөтеннің босағасында жүрген қазақтарды Қазақстанға көшіру – мемлекеттің қашанда міндеті десек, артық айтпағанымыз шығар. Шетте жүрген қандастарды елге тарту жұмыстары облысымызда қайта жанданып, Самар ауданында бірқатар жұмыс басталып та кетті. Қайта деп отырғанымыз, елді дүрліктірген «ковид» кезінде шекаралар жабылып, барыс-келіс тоқтап қалған.