Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Бүгінде компьютер мен планшеттен бас алмайтын бала кемде-кем. Кейде жас жеткіншектерге қарап отырып, смартфон ұстап туған ба деп қаласыз. Мұндай жағдайда баланың жай ғана дене қимылдатып, ойнауының өзіне қуанатын болдық. Бұл дұрыс емес. Бүгінгі бетбұрысты кезеңде дене тәрбиесін дамытып, саламатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артып келеді. Сондықтан да дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу педагогика ғылымының негізгі міндеттерінің біріне айналды. Осы орайда базалық деңгейдегі оқыту курсында алған жеті модуль жайындағы білімімді дене тәрбиесі пәні сабағында қолдану туралы ойыммен бөліскім келеді. Өйткені, дене тәрбиесі пәнінің өз ерекшеліктері бар.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Атырауда 120 жас отбасы баспаналы болды
Облыс орталығындағы «Нұрсая» шағын ауданында «Жас отау» өңірлік бағдарламасы аясында салынған бес қабатты тұрғын үй тапсырылды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
«Даму» қорымен бірге бизнес алға басады
Атырау облысында 42 мың кәсіпкер тіркелген. Жұмыспен қамтуда шағын және орта бизнестің үлесі 39 пайыз, бүгінде 129 мың адам осы салада еңбек етеді. «Даму» қоры арқылы алты жылдың ішінде 381 жоба қолдауға ие болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы жұмыстар субсидиялау негізінде жүзеге асып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау аймақтық филиалының директоры Әлия Өтепқалиева осындай мәліметтерді баяндады.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа тәлім-тәрбиесі жарасқан әулетті үлгі ету мақсатындағы «Мерейлі отбасы» байқауында Маңғыстау облысы бойынша түпқарағандық Тәуірхан Қанжанов ағайдың отбасы жеңімпаз атанды. Бәсекелестер де оңай емес, сол мықтылардан озып шыққан отбасына назар аударғанбыз...
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
«Лесная» мен «Береговаядан» қашан құтыламыз?
Қызылжар аудандық «Қызылжар» газетінің 7 сәуірдегі санында көшелердің атаулары өзгертілетіні туралы ақпарат жарияланды. Оны оқып шығып, көңілім су сепкендей басылды. Себебін түсіндірейін.