Айбын • 08 Маусым, 2024
Десантшылардың дайындық деңгейі жоғары
Түркия Республикасында Қазақстан әскери қызметшілерінің қатысуымен өткен «EFES-2024» көпұлтты оқу-жаттығуы аяқталды. Маневрлердің белсенді кезеңін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бақылап отырды.
Аймақтар • 07 Маусым, 2024
Павлодарда жантүршігерлік жол-көлік апаты болды. Павлодар-Ақсу автожолында скутер тізгіндеген қос жасөспірім «КамАЗ» көлігіне соғылып, көз жұмды.
Тарих • 07 Маусым, 2024
«...Онсыз маған ештеңе қызық емес»
Ақын оны туған анасынан кем көрмеді. Жан жүрегімен жақсы көрді. Етегінде еркелеп, емін-еркін ержетті. Қалам ұстаған шағында өлеңіне өзек етті. Арина Родионовна да оған бар мейірін үйіп-төкті. Маңдайынан сипап, арқасынан қақты. Ең бастысы – жан дүниесін түсінді. «Періштем менің! Сіз әрдайым менің жүрегімдесіз...» дейді әзиз тәрбиеші Пушкинге жазған хатының бірінде. Олардың ортасындағы селкеусіз сенім, мүбәрак махаббат, қайырымды қамқорлық ет жүректі елжіретпей қоймайды.
Әдебиет • 07 Маусым, 2024
Пушкин... Алып та алып, ақын да ақын. Бір халыққа Пушкин секілді еңбек сіңіру – мыңнан бір ғана таланттың ісі. Сірә, мұндай жаратылыс сирек болар.Алып шайырдан кейін келген көш-көш ақын оның шәкірті іспетті. Өткен мен болашақтың аурасын сіңіре білген сара талант бойын тербеген барлық сәттің ескерткішін қалдырғандай. Солайша қарапайым бола тұра күрделі, ескі бола тұра жаңа ұғымдарды дүниеге әкелді. Достоевский «Пушкин туралы сөзінде»: «Мүлде оқыс һәм қайталанбас орыс рухының құбылысы», «орыс адамы ол шыққан межеге мүмкін екі жүз жылдан соң ғана жете алар» деген салмақты ой қорытады.
Әдебиет • 07 Маусым, 2024
Әлем әдебиетінің көрнекті тұлғасы А.С.Пушкин – қазақ оқырманына етене жақын қалам иелерінің бірі. Орыс әдебиетіне үлкен серпіліс әкелген ақынның қазақ даласына аяқ басуы да ерекше оқиғалардың бірі. Оның Орал қаласында үш күн аялдауының өзі шығармашылығынан елеулі орын алды. Пушкинтанушылардың дерегінше, ақын 1833 жылы қазан айында үш күн бойы Орал шаһарында болып, «Пугачев көтерілісінің тарихы» және «Капитан қызы» повесіне негізі боларлық тарихи материалдарды жинаған.