Аймақтар • 07 Маусым, 2024
Түзеу мекемесіндегі театр қойылымы
Қостанайдағы №38 түзеу мекемесінде «Туған күніңізбен, анашым!» отбасылық драмасы сахналанды. Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан талай жанды толғандырып, терең ойға қалдырған рухани іс-шара облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының бірлескен қайырымдылық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Қоғам • 07 Маусым, 2024
Сыртқы істер министрлігінде Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қатысуымен «Қазақстанның Ізгі ниет елшілері» жобасын іске асыруға арналған ресми рәсім өтті. Бұл жобаның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.
Дін • 07 Маусым, 2024
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту жөніндегі орталықта мемлекеттік органдар, діни бірлестіктер мен ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Әлем • 07 Маусым, 2024
Жасыл экономикаға көшу мәселесі талқыланды
Әзербайжан астанасында түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХІІІ пленарлық отырысы және Ассамблея кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараларға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы қатысты.
Қоғам • 07 Маусым, 2024
Өңірлік кадр резерві қалыптастырылады
Бүгінде білімді жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан тиісті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Аймақтағы мемлекеттік қызметтегі осы жұмыстың барысы және басқа да жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар бойынша Мемлекеттік істер агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан ЕРКЕБАЕВПЕН әңгімелескенбіз.