Спорт • 06 Маусым, 2024
Қазіргі кезде Италияның Тоди қаласында стенд атудан «PERAZZI CUP» турнирі өтіп жатыр. Бұл жарыста 20 мемлекеттен келген 350-ге тарта мергендер өнер көрсетуде. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында қос медаль бар. Эдуард Ещенко мен Диана Сәбеуова «скит-микс» жаттығуы бойынша аралас жұптар сайысында қола медальды иеленсе, «трапта» Виктор Хасяновқа тең келер ешкім табылмады.
Халық • 06 Маусым, 2024
«Ер туған жеріне» деген қанатты сөздің астарындағы мазмұнды Германиядан туған жеріне қоныс аударған Кривошеев-Клеустер отбасының тағдырымен таныс болған кезде жете түсінгендеймін.
Басылым • 06 Маусым, 2024
«Кедейден» кемелденген басылым
Биыл облыстық «Ақтөбе» газеті ғасыр биігін бағындырып отыр. Республикадағы байырғы әрі танымал басылымдардың біріне айналған газеттің тамырлы тарихы, жемісті жолы, игерген белестері бар.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
«Аспан – қазақ, жер – қазақ, ортам – қазақ, мені қуантатын да, маған қуат беретін де осы. Ауған жерінде туып-өскен біз үшін атажұртқа оралу арман еді. Әлі де талай қандасымыздың арманы. Ал ана тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қалғанымыз атамекендегі ағайынға еш қиындықсыз, кедергісіз тез сіңісіп кетуімізге ықпал етті. Мың ауғанның арасында екі қазақ кездессек, қазақша сөйлесетінбіз», дейді Тәжмұхаммед Ахметұлы.
Спорт • 06 Маусым, 2024
UFC-де өнер көрсетіп жүрген аса жеңіл салмақтағы қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм өзінің келесі кездесуін 3 тамызда Абу-Дабиде америкалық Си Джей Вергараға қарсы өткізеді.