Спорт • 06 Маусым, 2024

Жарыс күнделігі

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде Италияның Тоди қаласында стенд атудан «PERAZZI CUP» турнирі өтіп жатыр. Бұл жарыста 20 мем­лекет­тен келген 350-ге тарта мер­гендер өнер көрсетуде. Әзірге Қа­зақстан құрамасының қоржы­нында қос медаль бар. Эдуард Ещен­ко мен Диана Сәбеуова «скит-микс» жаттығуы бойынша аралас жұптар сайысында қола ме­дальды иеленсе, «трапта» Вик­тор Хасяновқа тең келер ешкім табылмады.

Жарыс күнделігі
  • Польшаның Жешув қала­сында спорттық акробатикадан өткен Әлем кубогінің кезеңдік сайысында Диль Даниель мен Ва­дим Шуляр күміс медальды ие­ленді.
  • 15 маусымда Оңтүстік Ко­рея­ның Мокпо қаласында ядро, диск, балға және найза лақ­ты­­рудан лицензиялық Азия чем­пионатының шымылдығы түріледі. Бұл жарыста Қазақ­станның туы астында Иван Ива­нов (ядро), Артур Гафнер (найза), Евгений Миловацкий (диск) және Анастасия Калошина (балға) сынды спортшылар өнер көрсетеді.
  • Бұл күндері Хорватияның астанасында «WTT Contender Zagreb» турнирі өтуде. Зәуреш Ақашева үшінші айналымға дейін жетті. Ол сербиялық Драган Виньевич пен италиялық Дебора Вивареллиді ұтқанымен, үшінші кезеңде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, биылғы әлем чемпионы Ли Хо Чингке жол берді. Жұптық жарыста Зау­реш пен Вивьен Шольц (Люк­сембург) таиландтық Джин­нипа Саветтабут/Ванвиса Ауэ­ави­рияйотхиннен айласын асыр­ғанымен, іле-шала Фран­цис­ке Шрейнер/Софии Кли (Гер­мания) есе жіберді. Ал Алан Құраманғалиев және Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар бастапқы бәсекелерінде сүрінді. Алан гон­конгтық Чан Болдуин, Айдос че­хиялық Любомир Янчарик және Дастан мысырлық Мохамед Эль-Беиалидің осал тұсын таба алмады.
  • Ыстанбұлдың «Бешик­та­шында» ойнап жүрген еліміздің танымал футболшысы Бахтиер Зайнутдинов келесі маусымда Ресей Премьер-лигасына оралуы мүмкін. Кейбір дереккөздерге сенсек, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы үшін Санкт-Петербургтің «Зениті» түр­киялық клубқа 4,5 миллион еуро төлеуге әзір. Қазіргі кезде қос тарап келіссөздер жүргізіп жат­қан көрінеді.