Тұлға • 06 Маусым, 2024
Академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан: «Революциядан бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. Олардың ішінде Қаныштың ағасы Әбікей Сәтбаев Омбының семинариясын бітіріп, сол кездің өзінде орыс тілі мен әдебиетінің бірінші маманы болып шығады. Бүгінгі Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарынан шыққан жастардың Әбікейден оқымағаны кемде-кем болу керек ...» дейді. Әбікей Зейінұлы Сәтбаев – есімі қазаққа танымал ағартушы-педагог, Алашорда ұлт-азаттық қозғалысына қатысушы қайраткер, Семей қаласында ашылған қазақ педагогикалық техникумының алғашқы директоры. «Қазақ тілі» газетінің 1923 жылғы 1 сәуірдегі бас мақаласында: «Бұл мектепте Әбікей ағамның тырысып, тыныштық таппай істегенімен ғана ашылып, жүзге тарта шәкірт оқып жатыр» деп жазды жоғарыда аталған педтехникум директоры туралы.
Еңбек • 06 Маусым, 2024
Ертіс-Баян өңірінің іскер азаматтары шағын жылыжайлар тұрғызуға бет бұра бастағаны байқалады. Тірлігі қысы-жазы жалғасып, ел-жұрт табиғи дәрумендерден тарыға бастаған мезгілде сапалы көкөніс пен жеміс-жидекті жергілікті нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдау тетіктері де аз емес. Есесіне бұған дейін қырғыз, өзбек ағайындардан тасып келген ауылшаруашылық өнімдерін өзімізде өсіре бастадық.
Экология • 06 Маусым, 2024
Экологиялық білімді насихаттайды
Жақында Астана қаласында «Қазақстанда экологиялық білім беруді ілгерілету» атты конференция өтті. Оған мемлекеттік мекемелер өкілдері, ғалымдар, экологтер және мектеп директорлары қатысты. Іс-шарада экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жиын аясында «Экомектеп» инновациялық білім беру курсы іске қосылды.
Экономика • 06 Маусым, 2024
Утиль алымы туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтпеді
Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысы өтуі тиіс еді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 06 Маусым, 2024
Бакуде өткен ТүркПА отырысында жасыл экономикаға көшу мәселесі талқыланды
Әзербайжан астанасында түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) ХІІІ пленарлық отырысы және Ассамблея Кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараларға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.