Таным • 05 Маусым, 2023
Шаһарлардың «мерейтойлық шеруі» немесе Қарқаралы тарихын қай уақыттан бастаған дұрыс?
Еліміздегі жер-су, елді мекен атауларын тарихи әділдікпен қалпына келтіру ісі жүзеге асып келеді. Сонымен қатар елді мекендердің іргетасы қаланған жылын тарихи-деректік тұрғыдан анықтау – қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі. Мәселен, патшалық Ресей қазақ жерін отарлау барысында қала-бекіністер салғаны мәлім. Содан қалған кейбір қалалық мекендердің тарихын анықтағанда, көбінесе патшалық Ресейдің бұйрығы шыққан уақытпен есептеу әдетке айналды. Бұл тарихи әділдікке жата ма? Біздіңше ел тарихындағы қалалардың жасын есептеуде жаңаша көзқарас қалыптастыратын уақыт жетті. Әйтпесе, тағы да қазақ жерін отарлау мақсатында салынған қала-бекіністердің «мерейтойлық шерулері» жалғаса беретіні анық.
Жекпе-жек • 05 Маусым, 2023
Жаз айларында аралас жекпе-жектен бірқатар халықаралық турнир өтеді. Отандық «NAIZA», «Алаш Прайд», «Octagon» және басқа да промоушендері елімізде тартысты бәсекелер ұйымдастыруды көздеп отыр. Олардан бөлек, шет мемлекеттерде жалауы желбірейтін дәстүрлі жарыстар тағы бар. Осы дүбірлі додалардың барлығында еліміздің спортшылары бақ сынайды.
Спорт • 05 Маусым, 2023
Академиялық ескек есу: Олимпиада жолдамасы қалай бөлінеді?
Бұған дейін уәде еткеніміздей, алдағы Париж Олимпиадасының бағдарламасына енген спорт түрлерінің жолдамасы қалай және қандай жарыстарда берілетіні туралы мақалаларымыздың легін бастаймыз. Алғашқы материалымыз академиялық ескек есу туралы болмақ. Спорттың бұл түрінен Париждегі Олимпия ойындарының сайыстары жаңадан бой көтеріп жатқан Вер-сюр-Марне спорт кешенінде өтеді.
Аймақтар • 04 Маусым, 2023
Сыр өңірінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай жүзге жуық іс-шара өтті. Атаулы күн аясында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері сап түзеді.
Мереке • 04 Маусым, 2023
Әйтеке бидің: «Өмірім – халықтікі, өлімім ғана өзімдікі», деген сөзі бар. Елге, халыққа, мемлекетке қызмет етудің не екенін ақылман бабамыз осы бір-ақ ауыз сөздің ішіне сыйғыза білген. Ал мемлекет құру үшін оның аумағы және заңдарымен қоса, оның мемлекеттік рәміздері болуға тиіс. Туған елін, оның аумағын, заңдарын, мемлекеттік рәміздерін құрметтеу және қорғау – әрбір азаматтың парызы.