Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Талдықорған: Әлеуметтік жобаларға басымдық
Жетісуға келген жұртты әуелі театр алдындағы хакім Абайдың асқақ ескерткіші қарсы алады. Зәулім ғимараттар, жаңа шағын аудандар, келелі кәсіпорындар жыл санап қаланың келбетін көркейтіп келеді. Биыл өнеркәсіп саласында 3 кәсіпорын іске қосылып, 2 өндірісті кеңейту жоспарланған. Қала әкімі Ернат Бәзіл қарашамен қатар жүріп, тұрғын үй мәселесін де тұрақтандырды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Құлсарыда 100 үйдің қадасы қағылды
Құлсары қаласындағы тасқын судан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары қарқын алғалы отыр. Қазір зардап шеккен тұрғындар үшін 100 жаңа үйдің қадасы қағылды.
Жастар • 06 Маусым, 2024
«Жарқын Болашақ» бағдарламасы жастарға жол ашады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Бала есейген соң қанаттанып, ұядан ұшуға тиіс. Басқа аймақтарда, тіпті, шетелде білім алуы қажет. Өзге жұрттың қалай өмір сүріп жатқанын көргені абзал. Сондай-ақ қай жерде өзіне және еліне пайдасы тисе, сол жерге барып еңбек етуі керек. Озық дамыған мемлекет құру үшін біздің азаматтарымыз жаңаша ойлай білуге және жасампаздыққа ұмтылуы керек. Сол себепті біз қоғамда білімпаздықты дәріптеуге, білім және ғылым саласын дамытуға баса мән беріп келеміз», деп атап өткен еді.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
Әр алуан ақпарат және журналистік этика
Журналистерге Этика кодексін ұстануды кеңінен насихаттауымыз қажет. Бұл туралы елордада «Журналистік этика. Фактчекинг пен манипуляциялар» атты дөңгелек үстелде сарапшы мамандар – медиа саласының басшылары мен журналистер, қоғам қайраткерлері мәлімдеді. Басқосуды өткізуге Қазақстан Медиа альянсы мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық ұйымдары ұйытқы болды.
Үкімет • 06 Маусым, 2024
Бейжіңде мәдени орталық ашылады
Кеше Мәжілістің жалпы отырысында былтыр 27 қарашада Астанада қол қойылған Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы тең негізде мәдени орталық ашу туралы келісім ратификацияланды. Бұл қадам екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.