Білім • 06 Маусым, 2024
ҰБТ: Тасқыннан зардап шеккен түлектерге көмек
Ақмолада тіркелу мерзімі ұзартылды. Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш 6–14 мамыр аралығында қабылданғанымен, көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерде уақыты ұзартылды.
Шымкент • 06 Маусым, 2024
Еңселі күннің мерейі мен мәртебесі
Мемлекеттік рәміздер күні Шымкенттегі «Тәуелсіздік» саябағында ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға белгілі азаматтар, еңбек ардагерлері, депутаттар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, еріктілер, жастар қатысты.
Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Ақтөбеде сынақ екі орталықта тапсырылады
Ақтөбе облысында ҰБТ тапсыру 25 мамырда басталды. Сынақ тапсырудың ең соңғы күні –12 шілде. Өңірдегі 321 орта мектептің 11-сыныбын 9 236 түлек аяқтады. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырда басталып, оған 8 342 түлек (барлық мектеп бітірушілердің 90,2 %-ы) екі рет тест тапсыруға 16 556 өтініш берген. Өткен жылы мектеп бітіргендер мен колледждердің 994 түлегі (толық оқу мерзіміне) және қысқартылған оқу мерзіміне түсетін 289 колледж түлегі ҰБТ тапсыруға кірісті. Жексенбіні есептемегенде, 12 шілдеге дейін әр аптаның алты күнінде тестілеу өтеді.
Бизнес • 06 Маусым, 2024
Франчайзинг – бизнеспен біте қайнасқан ұғым. Бұл – қандай да бір бизнес иесі (франчайзер) басқа кәсіпкерге (франчайзиге) өзінің бренді мен бизнес үлгісін ақылы түрде пайдалану құқығын беретін серіктестік. Әлемдегі алғашқы франшиза Иссак Зингердің тігін машиналар компаниясы саналады. Тұңғыш франчайзер 1851 жылы аңызға айналған тігін машиналарын өзгелерге сату мен жөндеу құқығын беруге заңды түрде қол қойған.
Аймақтар • 06 Маусым, 2024
«InDrive» халықаралық IT-компаниясы ұйымдастырған «Beginit» жобасында Батыс Қазақстан облысының төрт оқушысы финалға жолдама ұтып алды.