Қоғам • 05 Маусым, 2024
Әулиеатада Мемлекеттік рәміздер күні «Туған жерім – Қазақстаным!» тақырыбында патриоттар форумы ұйымдастырылды. Қала тұрғындары, жергілікті атқамінер азаматтар қатысқан форумда Мемлекеттік гимн шырқалып, елдігіміздің айнасы – көк байрақ көкте желбіреді.
Тарих • 05 Маусым, 2024
«Ғалия» медресесінің шәкірттері
Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Санкт-Петербургтегі Ресей мемлекеттік архиві, Орынбор облыстық мемлекеттік архиві және Башқұртстан Республикасы Уфа қаласындағы Ұлттық архивінен қазақ тарихына қатысты көптеген құнды құжат тауып әкелді.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Ерекше ойын, бөлекше көңіл күй
Еліміздің рәміздер күнін Шығыс жұрты да ерекше тойлады. Әдеттегі ресми іс-шаралардан бөлек танымдық ойын-сауық, көптің көңілін көтерген концерт ұйымдастырылды. Айшықты мерекеге әсіресе Өскеменнің жастары белсене қатысты.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Ақтөбелік әскери бөлім жаңа сарбаздармен толықты
Маусым айында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімі жас сарбаздармен толықты. Әскери бөлімге Маңғыстау, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының өзінен 115-тен астам сарбаз шақыртылған, деп хабарлайды Egemen.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Маусым, 2024
Қостанайлық ұландар бір түнде қос қайғыға тосқауыл болды
Қостанайлық офицерлер бір түнде екі оқыс оқиғаның алдын-алып, полиция қызметкерлеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.