Санкция • 01 Маусым, 2023
Геосаясат кедергі емес, алайда...
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың басталғанына жылдан асып барады. Бұл жолы қозғайтын тақырыбымыз соғыстың ушығу себептеріне қандай саяси жағдай түрткі болғаны тұрғысында емес, геосаяси ахуалдың жергілікті кәсіпорындарға тигізер әсері жайында болмақ.
Қоғам • 01 Маусым, 2023
Жағымсыз әдет – жанға түскен дерт
«Адам – ақылымен қымбатты, ұрпағымен сымбатты» деген сөз бар. Біз келешегінен үміт күтіп отырған жас ұрпақтың басым бөлігі бүгінде рухани тұрғыда жұтаңданып, бос іс пен арзан күлкіге көп әуестенеді. Соның бір мысалы ретінде олардың әлеуметтік желілерді дұрыс қолданбауын, оның пайдасыз, зиянды жақтарына көбірек бой алдырып жататынын айтуға болады.
Ұлттық спорт • 01 Маусым, 2023
Оспанның Ақшатыры немесе қазақы тұлпарды аңсау
Алтайдан Атырауға дейінгі иен далада арыдағы Алаш жұртына қисапсыз пайдасын тигізген жаратылысы бөлек, пішімі өзгеше қазақ жылқысынан аузымен құс тістеген желқуық тұлпар шығуы мүмкін бе?..
Пікір • 01 Маусым, 2023
Атамыз қазақ «Бірлік бар жерде – береке бар» деп тегін айтпаған. Сол сияқты ойшыл-кемеңгер Абай атамыз өзінің алтыншы қарасөзінде, «бірлік дегеніміз – малға (дүниеге) бірлік емес, ақылға бірлік» деген көреген тұжырымын айта отырып: «Бірлік малға сатылса, нағыз антұрғандықтың басы осы», дейді. Ал атақты Бұқар жырау бабамыз, алты Алаштың баласын береке-бірлікке шақырып: «Айнала алмай ат өлсін, Айыра алмай жат өлсін, Жат бойынан түңілсін, Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз!», – деп толғаса, шығыс халықтары көп айтатын: «Бірлігі мығым сауысқан – бұғы аулайды», деген тәмсілдің де маңызы зор.
Айбын • 01 Маусым, 2023
Астанада Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталы ашық есік күнін өткізді. Қорғаныс саласындағы жетекші клиниканы көруге «Даналық» жоғары медициналық колледжінің және Республикалық медицина академиясының елуден астам студенті келді.