Сұхбат • 01 Маусым, 2023
Тілектес Мейрамов: Мен өз рөлімді адал орындадым
Жарты ғасыр... Тамырын тереңнен тартатын театр тарихы үшін бәлкім көп те емес шығар. Ал елу жылдан аса ғұмырын сахнаға арнаған саңлақ үшін бұл дегеніңіз бір адамның тұтас өміріне татитын қажырлы еңбек. Төзім мен жігер. Ізденіс пен ілім. Сезім мен сергелдең. Осының барлығын бір басынан өткеріп, киелі сахнаға қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан актер, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов қай кезде де шығармашылық бабын бәсеңсіткен емес. Үнемі үздіксіз ізденіс үстінде. Қашан көрсең өнер үшін өрекпиді, театр үшін толғанады. Себебі актер шын мәнінде театрдың төл баласы. Кейіпкерімізді бұл жолы да қызу қарбалас үстінде жолықтырдық. Актерлік пен ұстаздықты қатар ұштастырған өнер иесі Қазақ ұлттық өнер университетіндегі курсын бітіру емтиханына дайындап жатыр екен. Кезінде өзі де Асқар Тоқпанов, Шолпан Жандарбекова, Әзірбайжан Мәмбетов, Әнуар Молдабеков сынды сахна саңлақтарынан көрген шарапатын өскелең ұрпақ бойына сіңірсем, театрдың өткені мен бүгіні һәм болашағы арасындағы сабақтастықтың үзілмеуіне дәнекер болсам дейді. Әңгімеміздің әлқиссасын өміріне айналған өнері турасынан тарқатты.
Энергетика • 01 Маусым, 2023
Қазатомөнеркәсіп қытайлық АЭС-терді ядролық отынмен қамтамасыз етуде
Фанчэнган қаласындағы АЭС алаңында Өскемен қаласындағы «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорнында дайындалған ядролық отын-жылу бөлетін құрамаларды (ЖБҚ) қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 01 Маусым, 2023
Онкологиялық ауруларды емдеудің әдісі
Әлемде өлім-жітімнің себеп-салдары бойынша жүрек аурулары бірінші қатарда тұр. Бұл тізімді оқыс оқиғадан бақилық болғандар және қатерлі ісіктен көз жұмғандар жалғайды. Ресми деректерге сүйенсек, онкологиялық аурудан айықпай, дүние салғандар жылдан-жылға көбеюде. Осыны біліп отырған әр елдің онкологтері қатерлі ісікті мейлінше ерте сатыда анықтап, науқасты емдеп жазудың тың тәсілдерін меңгеруге талпынуда.
Білім • 01 Маусым, 2023
Елдің білім басқармаларында мониторинг жүргізіледі
Қазақстандағы білім басқармаларында кешенді мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Маусым, 2023
Астанада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты басталды
Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев паралимпиадалық боччадан республика чемпионатының ашылу салтанатына қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған сайысқа еліміздің өңірлерінен мүгедектігі бар 50-ге жуық спортшы келді, деп хабарлайды Egemen.kz.