Экология • 07 Маусым, 2022
Биыл шілдеден бастап Батыс Қазақстанда «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова аталған өңірге жұмыс сапары кезінде айтты.
Қазақстан • 07 Маусым, 2022
Бүгінде тәуелсіздік алған көптеген жас мемлекеттің өткеніне үңілсек, түрлі тарихи оқиғалардың куәсі боламыз. Әрине, оның бәрі сол халықтың ұлттық деңгейіне, болмысына, мінезіне, қазіргі сана-сезіміне де әсер етеді. Тіпті қолдан жасалған қырғыннан жер бетінен жойылып кеткен ұлттар да бар екені белгілі. Қазақ тарихындағы зұлмат жылдардың тауқыметі мен қасіреті, салмағы мен салдары қандай болғанына да уақыт куә. Әсіресе, ашаршылық пен қуғын-сүргіннің ұлт болашағына тигізген соққысы тым ауыр болды.
Аймақтар • 07 Маусым, 2022
Балалар жылына орай Қызылордада өткізіліп жатқан іс-шараларға «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы көп үлес қосып отыр. Орталық мамандары соңғы аптаның өзінде атаулы жыл аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында облыстық бейнеролик байқауын, «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық сайысын, «Жұлдызай-2022» Ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық кезеңі мен «Qabilet балалар көзімен» тақырыбында өткізілген республикалық байқауды сәтті өткізді.
Қазақстан • 07 Маусым, 2022
Қилы кезеңнің жазықсыз құрбандары
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» атты Мемлекеттік комиссияның Жұмыс тобының дөңгелек үстелі болып өтті. Жиын аясында А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – мәңгілік тұлға» тарихи-құжаттық көрмесі ұйымдастырылды.
Аймақтар • 07 Маусым, 2022
Есімі алты Алашқа белгілі ақын, қазақ әдебиетінің жаңа замандағы іргетасын қалаушылардың бірі Ғалым Малдыбаевтың туғанына осы күндері 120 жыл толып отыр. Осыған орай Петропавл қаласындағы орталық көшеде ақын қызмет істеген «Солтүстік Қазақстан» газетінің бұрынғы ғимаратының қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.