Аймақтар • 07 Маусым, 2022

Өнерлі өрендерге өріс

583 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Балалар жылына орай Қызылордада өткізіліп жатқан іс-шараларға «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы көп үлес қосып отыр. Орталық мамандары соңғы аптаның өзінде атаулы жыл аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында облыстық бейнеролик байқауын, «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық сайысын, «Жұлдызай-2022» Ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық кезеңі мен «Qabilet балалар көзімен» тақырыбында өткізілген республикалық байқауды сәтті өткізді.

Өнерлі өрендерге өріс

«Бақытты балалық шақ» тақырыбындағы бейнеролик байқауы онлайн форматта өткізіліп, оқушылардың шығармашылығын қалып­тас­тыру арқылы бос уақы­тын тиімді пайдалануға бейім­деуді мақсат еткен сайысқа 18 балдырған қатысты. Ба­ла бойына эстетикалық қа­білет дарытуды көздеген байқау қорытындысы бо­йынша 10 бөбекжай-бақша тәрбиеленушілері жеңімпаз атанып, облыстық білім бас­қармасының алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

– Ұлт әдебиетін байыт­қан Мағжан Жұмабаев шы­ғар­машылығы қазақтың сарқылмас қазынасы. Жыл­дағы дәстүрге облыстық бі­лім басқармасының қол­дауы­мен оқушылар арасын­да өткізілген сайыста ақын­ның өлеңдері оқылып, сола­қай саясат құрбаны болған қаламгердің рухына құрмет көрсетілді, – дейді облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары Күлжахан Са­ғын­дыққызы.

Жалпы, білім беру ұйым­дарындағы 7-11-сынып оқу­шылары арасында өт­кен «Мағжан оқулары» ғылы­ми-шығармашылық бай­­қауына қала мен аудандар­дан 30-дан астам оқушы қатысып, аз ғұмырында ұл­ты үшін ұлан­­-ғайыр іс біті­ріп кеткен сөз зергерінің шығар­ма­шы­лы­ғын насихаттауға үлес қосты. Сайыс қорытын­дысы­мен жеңімпаз атанған 14 оқушы марапатталды.

Осы іс-шаралармен қатар орталық облыстық білім бас­­қармасы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қол­дауы­мен «Нұрсәт» теннис орталығында ерекше қа­жеттіліктері мен даму мүмкіндіктері бар балалар арасында «Жұлдызай-2022» ұлттық инклюзивті ойын­дардың облыстық кезеңін ұйымдастырды. Балалар жылына орай өткен сайыс­та оқушылар голбол, үстел теннисі, асық ату, бестас, мини-футбол, пара-каратэ және жеңіл атлетика спорт түрлерінен сайысты.

Дәстүрлі спартакиаданың облыстық кезеңіне қала мен аудандардан және арнаулы мектеп-интернаттар­дан 67 оқушы қатысып, жеңім­­паз атанған 36 қаты­сушы жеңіс тұғырынан көрінді. Жалпы, ұлттық инклюзивті ойындардың даму мүмкіндіктері шектеулі ба­лаларды спортқа тарту мен оларды әлеуметтендірудегі маңызы ерекше. Осы сайыс жеңімпаздары алда өтетін республикалық кезеңге жолдама алып, аймақ абыройын қорғайды.

Облыста «Qabilet балалар көзімен» тақырыбына өткізілген республикалық байқау да сәтті ұйымдас­тырылды. Оған «Qabilet» жобасының 10-11 жастағы 18 оқушысы қатысып, бақтарын сынады.

Шығармашыл, өнерлі де талантты жастарды анық­тап, қолдауға арналған сайыс­­та Қазалы ауданы №92 мектептің 4-сынып оқу­шы­сы Әлинұр Толыбай, Қы­зыл­орда қаласы, №136 мек­теп-лицейдің 4-сынып оқу­шысы Айдана Дүйс­енбаева, Қармақшы ауданы, №274 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы Алуа Калмырзаева жеңімпаз атанды.

Оларға «Елбасы Акаде­миясы» корпоративтік қо­рының сертификаттары, ар­найы сыйлықтар табыс­талды. Сонымен қатар оқу­шылар салған үздік суреттер қыркүйек айында Нұр-Сұлтандағы I халықаралық психологиялық форум қо­нақ­тарының назарына ұсы­нылады.

Атаулы жылдағы осын­дай шаралар өнерлі өрен­дерге өріс ашып отыр.

 

Қызылорда