Тарих • 07 Маусым, 2022
Садағын сағымға ілген сайыпқыран Шыңғыс ханнан ұласып, жоралы Жошы хан әулетінен тамырлы желі тартқан Қазақ ордасының хандық түзімінің алтын шынжырының ақырғы бунағы Алаштың айдынды ұлы Кенесары хан болғаны баршаға аян. Биыл ұлы қолбасшы, баһадүр хан Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толып отыр.
Тарих • 07 Маусым, 2022
Саяси құпия! Иә, қазақтың құпиясы көп. Әсіресе сталиндік репрессияға келгенде. Қасіретті көп көргеннен кейін бе, әйтеуір сол тақырыпқа тарихшылар көп бойлай бермейді. О, несі екен?! Көршіміздің көңіліне қараймыз ба? Әлде қанды құжаттарды қолға түсіру қиын ба? Неге әлі қазақ толық ақталмады? Тәуелсіз еліміз осы мәселеге келгенде енжарлық танытатыны бір доғал әңгімеге жүк дүние. Біз, осы сұрақтардың жауабын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жиында естідік.
Референдум • 07 Маусым, 2022
Ұлы даланың маңызды референдумы
Орталық Азияның маңызды мемлекеті болып есептелінетін Қазақстанда бірқатар конституциялық өзгеріс бойынша референдум өтті. Конституцияның үштен бірін өзгерту жөніндегі референдумға дауыс беру құқы бар тұрғындардың 68%-ы қатысып, 78 %-ы қолдап, өзгерістер қабылданды. Түркістан (80%) және Қарағанды (79%) аймақтарында жастар көп белсенділік танытты.
Экономика • 07 Маусым, 2022
Отандық әуе компаниялары Еуропаның «қара тізіміне» енбейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деп уәде беріп отыр.
Экономика • 07 Маусым, 2022
Экономика қайтадан еңсе тіктей ме?
Жақында ғана Еуразиялық даму банкі 2022-2024 жылдарға арнаған макроэкономикалық болжамын жариялады. Банк сарапшыларының айтуынша, тап қазір жаһан экономикасы турбулентті кезеңге тап болып тұр. Сол себепті пандемиядан кейінгі орнықты экономикалық өсімнен үміттенудің реті жоқ. Энергия тасымалдаушылар, азық-түлік және тыңайтқыштардың бағасы тарихи максимумдарды жаңартып, инфляциялық проблеманы одан әрі ушықтырды.