Өнер • 06 Маусым, 2022
Күйіңді таныған жоқ халқың әлі...
Күй десе көкірегі күмбірлемейтін қазақ жоқ. Бүгіні мен өткені сабақтаса жадында жаңғыратын болмысы бөлек қазақтың күй өнеріне деген жақындығы да өзгеше. Жуырда өнерсүйер қауымды елең еткізген ауқымды іс-шара Ұлттық кітапханада өтті. Халықтық ән мен күйдей рухани мұрасын жинақтап, ғылыми айналымға енгізу жолында еңбек еткен күйші Базаралы Мүптекеевті еске алған өнертанушылар күй тарихын қозғап, заманауи форматпен жарыққа шыққан «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» монографиясы, «Күй шақыртқы» жинағы мен CD күйтабағының тұсаукесерін өткізді. Жинақтағы күйлер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фольклорлық ғылыми-зерттеу зертханасы қорындағы Базаралы Мүптекеевтің орындауында берілген.
Аймақтар • 06 Маусым, 2022
Қазақ КСР-нің Халық әртісі, ақын Шахан Мусиннің елеусіз қалғаны жайлы ел газеті – «Egemen Qazaqstan» аз жазған жоқ. Бұған дейін сериялы мақалалар жарық көріп, облыс билігіне ұрпақтары мен жоқтаушыларының базынасын жеткізген еді. Еңбек еш кетпеген секілді. 31 мамыр күні ақынның туған жері Май ауданы Ақжар ауылындағы мектеп алдында Шахан Мусиннің бюсті бой көтерді.
Қоғам • 06 Маусым, 2022
Жадырап жаз келген соң тамаша табиғат аясында алаңсыз тынығып, күміс көлдерге шомылып, саф ауаны құмарың қанғанша жұтып дем алғанға не жетсін?! Биыл жаман тұмаудың бет қаратпас қаһарынан арылған соң бала біткен дем алудан үмітті. Балалар жылына орай жазғы демалыста барлық жағдайды жасау ойластырылуда.
Білім • 06 Маусым, 2022
Білім бақытты болашаққа бастайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, балалардың болашағын қалыптастыру мақсатында нақты міндет жүктеген болатын. Президент тапсырмасына орай, Тараз қаласында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне жиналған көпшілік әуелі ғимаратты аралап көрді. Сондай-ақ оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары бойынша ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Қоғам • 06 Маусым, 2022
Жазғы демалысты тиімді өткізген абзал
Балалардың қауіпсіз әрі көңілді демалысын ұйымдастыру мақсатында қалалық әкімдік мамандары кешенді жоспар құрып отыр. Өңірлік коммуникациялар алаңындағы брифингте Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов және «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының басшысы Алма Ауғанбаева атап өткендей жазғы каникул балалар үшін мазмұнды әрі қауіпсіз ортада өтуге тиіс.