Референдум • 05 Маусым, 2022
Атырау облысында 396 мыңнан астам адам дауыс береді
Атырау облысында бүгінгі референдумда 396 923 адам дауыс береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Қостанай облысында 735 сайлау учаскесі жұмыс істейді
Бүгін Қостанай облысындағы сайлау учаскелерінің бәрі таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмысқа кірісіп кетті. Аймақта облыстық, қалалық және аудандық референдум комиссияларына қарайтын 735 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бұл комиссиялардың құрамында 4,5 мың адам бар. Облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Әсия Дуанбаеваның айтуынша, бүгін облыстың шамамен 550 мыңнан астам тұрғыны өз таңдауын жасауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz
Референдум • 05 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында инватакси тегін қызмет көрсетіп жатыр
Маңғыстау облысында 5 маусым күні 11 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Мұндай қызметті мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындары пайдалана алады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Әбдіжаппар Бекматов: ел тұрғындарының белсенділігі қуантты
Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум басталды. Халықаралық ақпарат орталығына Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әбдіжаппар Бекматов келіп, брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында 230-дан астам референдум учаскесі ашылды
Барлық учаске таңертең 7:00-де ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Аймақ тұрғындары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға 20:00-ге дейін қатыса алады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.