Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Әбдіжаппар Бекматов: ел тұрғындарының белсенділігі қуантты

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум басталды. Халықаралық ақпарат орталығына Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әбдіжаппар Бекматов келіп, брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Әбдіжаппар Бекматов: ел тұрғындарының белсенділігі қуантты

«Баршаңызды Қазақстанда болып жатқан тарихи мәні бар саяси оқиғаның өтіп жатқанымен құттықтаймын. Референдумның негізгі мақсаты – елдің басты заңы Конституцияға өзгерістер енгізу. Бұл қазақ елі үшін, қазақстандықтар үшін ерекше маңызы бар іс-шара. Халықты ақпараттандыру өте жақсы деңгейде жүргізілген. Референдум учаскелерінің дайындығы көңілден шықты. Барлығы да жоғары деңгейде. Саяси шараға қазақстандықтардың бей-жай қарап жатпағанын байқаймыз. Бәрі де ел ертеңі жарқын болуы үшін үлкен белсенділікпен дауыс беруге келіп жатыр», деді Ә.Бекматов.

Спикер сайлаушылар үшін де, бақылаушылар үшін де жақсы жағдай жасалғанын атап өтті.

Ол Қырғызстаннан барлығы 15 өкілдің келгенін, олардың қазір Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Жамбыл облыстарында жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Жалпы ел бойынша 10 013 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Ал қатысу құқығы бар азаматтар тізімі – 11 млн 722 мың 536 адам. Сондай-ақ 52 елде 65 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істеп жатыр.