Бизнес • 04 Маусым, 2020
Кәсіпкерлердің мұң-мұқтажы шешімін таба ма?
«Үлкен үйге не керек болса – отауға да сол керек» демекші, кәсіпкерліктің ірі және шағын болып келетін құрылымдық сипатына қарамастан қажеттіліктері ұқсас әрі маңызды. Сондықтан олардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, туындап отырған мәселесін шешуге көмек беру де маңызды.
Қоғам • 04 Маусым, 2020
Талпақтанауға наразылық күшейіп тұр
Жақында Павлодар қаласының тұрғыны, журналист Бейбіт Бөжен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына «Үміт апаның аруағын қорлатып қоямыз ба?!» деген тақырыпта жазба жариялаған болатын. Мәселенің мәнісі былай. Жергілікті «Рубиком» кәсіпорны он жыл бұрын Павлодар қаласының іргесінде тұрған Үміт апа ауылына жақын аумақта шошқа фермасын салған.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Қасиетті қала – балалар көзімен
Онлайн-көрмеге қорық-музей қорында сақталған жас қылқалам шеберлерінің және 2018 жылы өткен «Астана және Түркістан» жас суретшілер байқауы жеңімпаздарының, қасиетті қалаға деген сүйіспеншілігін қылқаламмен суреттеген дарынды жастардың туындылары қойылды.
Руханият • 04 Маусым, 2020
Қаншама ұрпақ аңсап, армандап, зарығып жеткен тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де үш он жылдықтың жүзі болып қалды. Бодандықтың қамыты алқымнан алып, тынысты талай тарылтты. Қасірет таңбасын да кигізбей қоймады. Бірақ қайсар қазақты ниеті қараулар жоя да, жоғалта да алмады. «Елім-айлап!» жүріп қазақ елдігіне жетті. Бұрынғы бабалар бөрілі байрақ, ақ ту ұстаса, бүгінгі жұртымыз үш бірдей елдік белгісін орнықтырып отыр.
Саясат • 04 Маусым, 2020
Мемлекеттік рәміздер күні елдіктің нышаны – Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалатыны белгілі. Сонымен қатар осы күні Ішкі істер министрлігіне қарасты барлық жоғары оқу орындарының үздік түлектері елорда төріне шақырылып, оларға Мемлекет басшысының өз қолымен диплом мен алғашқы арнаулы атақтар табысталады. Бұл жиын аталған мерекеге орай елімізде дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан көптеген игі іс-шаралардың арасында ерекше көрінеді.