Коронавирус • 03 Маусым, 2020
Өткен тәулікте тағы 225 адам коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 225 адам тіркелді. Елдегі өсім қарқыны – 1,9%).
Спорт • 03 Маусым, 2020
Бостандықтан шыққан дарабоздар
Алыстан атажұртқа оралып, әлемдік ареналарда атой салған оғландарымыз жетерлік. Әсіресе сол спортшылардың дені – бір ауданда туып, бір топырақта өскен азаматтар. Сондай таланттарды сыйлаған мекеннің бірі – Өзбекстан Республикасындағы Бостандық ауданы. Бүгінге дейін аядай ауданнан екі Олимпиада чемпионы, екі Азия чемпионы, әлем біріншілігі мен Олимпия ойындарының жүлдегерлері шыққан.
Қоғам • 03 Маусым, 2020
«Biz birgemiz» акциясы мәресіне жетті
Наурызда басталған қайырымдылық акциясы аясында ел волонтерлері 3 ай бойы төтенше жағдай салдарынан қолдауға мұқтаж болған азаматтарға көмектесіп келді. Мақтааралдағы табиғи апаттан зардап шеккен ағайынға да жәрдем беріліп, республика бойынша 500 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілген жобаға нүкте қойылды.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Қарағанды гүлзарларын сәндеу мақсатында жастар арасында ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. «Азамат» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Инклюзивті еріктілер мектебі» жобасы аясында өткізілген «Жеңіс гүлдері» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды. Жақын күндері жастар қаладағы бақтарға өздерінше көрік бермек.
Өнер • 03 Маусым, 2020
Біреудің тіккен киімін «ұрлап»шығара алмайсың - дизайнер
Жадыра Әмірханова киім дизайны саласына небәрі екі жыл бұрын ғана келді. Студент шағында ұлттық киім дизайнерлерінің жаңа үлгілері көпшілікке көрсететін сәнгер боп еңбек еткен. Мамандығы экономист болса да, бала кезінен анасынан көргенін көкірегіне түйіп өскен бойжеткеннің өзіне беймәлім қыры отау құрып, кішкентайы өмірге келгенде белгілі болды. Бала күтімімен үйде отырған соң тігіншілікті қолға ала бастады. Алдымен шағын тігін шеберханасын ашып, күнделікті киетін көйлектер тігуге кіріседі. Сонан соң қолға алған ісін «Aisha bibi» дизайнерлік киім салоны ретінде кеңейтті. Бұл атауды қазақы, құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиген соң таңдап қойған. Қазір онда 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.