Әлем • 02 Маусым, 2020
Осыған қатысты сарапшылардың да пікірі қырық құбыла бастады. Кешегі пікір Ұлттық банкте доллардың массасы көбейіп кетті, сұраныс жоқ десе бүгінгі пікір одан сайын салмақты. Сарапшылар мұнай, шикізат бағасынан мән кете бастаған тұста арзан доллар біз үшін қуана қоятындай жағдай емес екенін айтып жатыр. Себебі арзан доллар импорт бағасын тұрақтандырғанмен, арзандауына әсер ете алмайтыны белгілі болып қалды.
Аймақтар • 02 Маусым, 2020
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлер көптеп салынуда
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Ең алдымен қала басшысы «7-20-25» бағдарламасы аясында «Shymkent» ӘКК» АҚ қаржыландыруымен салынып жатқан «Асар-2» шағын ауданындағы 10 тұрғын үйді және Тұран шағын ауданындағы екі көп қабатты тұрғын үй құрылысын аралап көрді.
Коронавирус • 02 Маусым, 2020
Covid-19: 184 адам жазылып шықты
Қазақстанда тағы 184 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Аймақтар • 02 Маусым, 2020
«Нұрлы жер» бағдарламасы: Қостанай облысында 4,2 мың пәтер салынады
Қостанай облысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 379,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4,2 мың пәтер салу жоспарланған. Оның 237,1 мың шаршы метрі – көп пәтерлі тұрғын үй, 142,2 мың шаршы метрі – жеке үйлер.
Қазақстан • 02 Маусым, 2020
Қорғаныс министрлігі кеңес өткізді
Аппараттық кеңес барысында Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб бөлімшелерінің басшылық құрамы болашақ офицерлерді қорытынды аттестаттау, елдегі дезинфекциялық жұмыстардың екінші кезеңі, Армия халықаралық ойындарына дайындық және Мәскеудегі әскери парадқа қатысу, сондай-ақ Қарулы Күштердегі басқа да өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.