Абай • 04 Маусым, 2021
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме, Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме. Өзі ермей, ерік бермей жұрт қор етті, Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме. Абай Ендігі сөзді ақын Абайды шайырларының шұрайлы тілі мен терең ойы еліктірген, рухынан медет сұраған араб-парсы әдеби әлемінен тарқатамыз.
Қазақстан • 04 Маусым, 2021
Бойында әкелік мейірі мен қамқорлығы бар Гена мен қалқанқұлақ Чебурашка көбімізге таныс. Таныс деппін-ау, жанымызға жақын кейіпкерлер. Осыдан елу жыл бұрын автор жас оқырман назарына ұсынған еді, содан бері екі дос көрерменмен бірге жасап келеді. Туған күндерде қосылып ән саламыз, көк вагонға отырып алысқа сапар шексек те, сол бір таныс әуен көңіл түкпірімізде ойнап тұрады.
Әдебиет • 04 Маусым, 2021
Қасымның тойы – қазақтың тойы десек артық айтқандық емес. Өлмес өлеңдерімен халықтың жүрек төрінен мәңгілік орын алған дауылпаз Қасым дегенде алаштың асқақ рухы көз алдыңызға келеді. Биыл шайырдың туғанына 110 жыл толуына орай тұлғаның өмірі мен шығармашылығы тұрғысында түрлі шара ұйымдастырылуы керек. Біз де өз кезегімізде газетіміз арқылы ақын хақында азырақ қалам тербегенді жөн көрдік.
Әдебиет • 04 Маусым, 2021
Әйгілі жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» деген шығармасы бар. Қаламгер Алма деген қыздың тағдыры арқылы күрделі мәселені көтере отырып, көп жағдайда адамның өз ойы мен әрекеті өзіне дұшпан екенін жеткізеді. Адамның болмысында бұғып жатқан алапат сезім кезі келгенде атойлап алға шығып, ақырында пендені еркінен айыруы мүмкін. Қоғамда орын алып жатқан кейбір қайғылы жағдайлардың негізі де адамның өзін өзі түсінбеуінің салдарынан болады.
Өнер • 04 Маусым, 2021
Адам – өз өмірінің суретшісі. Құдайға күпірлік етудің қажеті жоқ. Сен қаншалықты қанатыңды биік қағасың, соншалықты аспанға жақындай түсесің. Жолыңа жантайған кедергілер уақыт толқыны тудырған дауылдар болуы мүмкін. Сол дүлей дауылдар сенің бағытыңды өзгертсе өзгертсін, бірақ арманыңды өзгертпеуі тиіс. Тағдырыңа теріс қарама! Сен артқа бір қадам шегінген сәтте ізіңнен адасасың. Біз, бәріміз теңіз жағалай Тәңірді іздеген жолаушылармыз. Неге? Не үшін? Оның жауабын бояулар айтсын.