Экология • 02 Маусым, 2020
Сырдағы егін сусыз қалуы мүмкін
Соңғы 4-5 жылдың көлемінде Қызылорда облысында күріштік алқаптар айтарлықтай ұлғайды. Ел несібесінің артқаны қуантады-ақ, бірақ жыл сайын арнасы тарылып, деңгейі төмендеп келе жатқан дарияның жағдайын да ойлағанымыз жөн. Әсіресе бұл мәселе «Қазсушар» РМК облыстық филиалы мамандарын қатты алаңдатып отыр. Олардың дабыл қағатындай-ақ жөні бар. Мысалы, былтыр осы уақытта «Шардара» су қоймасына жоғарыдан секундына 568 текше метр су түсіп тұрған, ал қазір оның көлемі бес еседен астам азайып, бүгінде 100-ақ текше метр түсіп тұр. Өткен жылдың осы мезгілінде «Көксарай» су реттегішінде 1 млрд 958 млн текше метр су жатқан, қазір ондағы су көлемі бар болғаны 877 млн текше метр ғана. Екі қоймадағы су былтырғы мөлшерден 1,9 млрд текше метрге аз.
Сұхбат • 02 Маусым, 2020
Ғарифолла Әнес: Арыстарымыздың сүйегін қорламайық!
«Әділет» тарихи-ағарту қоғамының басшысы, «Жаңалық» саяси қуғын-сүргін музейінің аға ғылыми қызметкері, профессор Ғарифолла Әнеспен әңгіме
Қоғам • 02 Маусым, 2020
Су тапшылығы мәселесі қалай шешілуде?
Жамбыл облысы шаруашылыққа қолайлы аймақ болғандықтан, өңірде асыраушы саланы дамытуға айрықша мән беріледі. Дегенмен, көктем келіп, күн жылыған сәттен бастап шаруалар үшін су мәселесінің өзектілігі артады.
Спорт • 02 Маусым, 2020
Спорт кешендері қолжетімді болуы тиіс
Коронавирус пандемиясына байланысты екі айға жуық карантинде жатқан отандастарымыз мамыр айының ортасынан бастап санитарлық талаптарды сақтап, үйлерінен шыға бастады. Қала тұрғындарының басым бөлігі саябақтарда бой жазып, бұқаралық спортпен шұғылданып жатыр. Ендігі бір топ еліміздегі спорт кешендерінің ашылғанын күтіп жүр.
Спорт • 02 Маусым, 2020
«Формула-1» маусымы шілдеде жалғасады
Уақытша үзіліске шыққан «Формула-1» жарыстары шілде айынан бастап қайта өткізіле бастайды. Маусымның алғашқы жарысы Аустриядағы екі Гран-при бәсекесінен бастау алмақ.