Аймақтар • 01 Маусым, 2020
Көшедегі жарнамадан көз сүрінеді
Мағынасы жоқ аудармалар, әріп қателері мен орынсыз қойылған тыныс белгілер. Мұндай сауатсыздық қала көшелеріндегі жарнамаларда жиі кездеседі. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қаққанымен, көз сүріндірер қате азаяр емес.
Аймақтар • 01 Маусым, 2020
Ақмолаға асыл тұқымды мал жеткізіліп жатыр
Облыстағы сүт өңдеу нысандары 67 процент қана шикізатпен қамтылып отыр. Қазір осы олқылықтың орнын толтыруға ұмтылыс жасалып отыр.
Аймақтар • 01 Маусым, 2020
Блокпостта жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен еріктілер марапатталды
Бүгін Қарағанды тас жолындағы «Жібек жолы» блок-бекетінде Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов вируспен күресуде алдынғы шепте болып, оның таралуына жол бермеу үшін белсенді жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлерді марапаттады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 01 Маусым, 2020
Ақмолада ауыз сумен қамту оң шешім тауып келеді
Аршалы ауданында 25 елді мекен ауыз су жүйесімен жабдықталып, жалпы көлемі 328 шақырым құбыр тартылған. Бұл 30 мың 670 тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.
Аймақтар • 01 Маусым, 2020
Ақмолада жолдардың сапасына мониторинг жүргізіліп жатыр
«Сапалы жол» жобасы шеңберінде облыс орталығындағы жолдарға жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапалары тексерілуде. Бұл жұмысқа қоғам белсенділері, жемқорлыққа қарсы қызмет пен жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының өкілдері қатысып жатыр.