Пікір • 01 Маусым, 2020
Ғылым – руханияттың көзәйнегі. Кез келген жаратылыс жұмбағының ішкі астарына үңіліп, жан құпиясын жарыққа шығаратын сана биігіндегі толғам. Алып ақыл иесі Абай атамыз «адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деп тәпсірлейді.
Таным • 01 Маусым, 2020
Замана зұлматы: Ашаршылық кезеңдері бөлек қаралуы тиіс
Ел тарихында халқымыздың басына түскен аса ауыр зұлматты кезең ашаршылық және саяси қуғын-сүргін жылдарымен байланысты екені белгілі. Кеңестік құрсаудың тұмшалауымен жабулы күйінде келген осы ақтаңдақтарды ашуға егемендіктің елең-алаңы мен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында нақты қадам жасалды. Арнайы комиссия жұмыс істеп, 1993 жылы жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданса, 1997 жылы Елбасы жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Ал күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жариялап, арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын мәлімдеді. Осы орайда, «Egemen Qazaqstan» газеті айтулы датаның қарсаңында «Ғасыр зұлматы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырған болатын. Іс-шараның түпкі мақсатының бірі – ашаршылық құрбандары мәселесін өз алдына бөлек қарастыру қажеттігіне жұртшылықтың назарын аудару еді. Онлайн форматта өткен дөңгелек үстел жұмысына абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Смағұл Елубай, жазушы, зерттеуші Бейбіт Қойшыбаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова, тарих ғылымдарының докторлары, професорлар Мәмбет Қойгелді, Талас Омарбеков, Зиябек Қабылдинов, Арайлым Мұсағалиева, Данагүл Махат, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбит Шілдебай, музей қызметкері Гүлнұр Төлепбергенова қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салды. Келелі жиынды «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі ашып, жүргізіп отырды.
Әдебиет • 01 Маусым, 2020
Бидәулет тумысынан кедей адам еді. Бала күнімнен көз алдымда. Шошаңдаған бес ешкісін айқайлап ары қуып, бері қуып кіжінетін де жүретін. Кейін үлкендердің әңгімесінен естуімше арғы аталары да иіні жарып тон кимеген, ауы жарып ат мінбеген адамдар болған секілді. Оны бір жылы жазғытұрым жалданып Масғұттың үш жүз қойын төлдеткенде Бидәулеттің өзі де айтыпты. Жеріген қой, жағызған қозы дегендей егіздете топырлап туып жатқан қалың төлді игере алмай кеткен Бидәкең, «Осы жүнді жауды жүзге жеткізе алмай жеті атам күйіп кетіп еді, осылар қалай мың қырылтып айдап жүреді осы? Құдай-ау, мынаның малының қысыр қалған бірі жоқ па? Енді текесі лақтап, қошқары қозылайтын шығар!» деп күйінген екен дейді. Сол Бидәкең туралы әңгіме ғой бұл.
Сұхбат • 01 Маусым, 2020
Қуанышбек Есекеев: 5G түбегейлі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Соңғы бірнеше айда әлемнің қалыпты тыныс-тіршілігі қатты өзгерді. Себебі айтпаса да түсінікті. Осы уақытта адамзат үшін байланыс саласын барынша дамыту мәселесі алдыңғы орынға шықты деуге болады. Сапалы әрі қолжетімді байланыс болмаса, басқа салалардың да жұмысы тоқырайтыны сезілді. Осы орайда, еліміздің басты интернет провайдері «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен телекоммуникация саласындағы ахуал туралы сұхбаттасқан едік.
Кино • 01 Маусым, 2020
Киноның құдіреттілігі сол, сәтті сомдалған кейіпкерің экранда қаз-қалпында «стоп-кадр» сынды ұзақ жылдар сақталады. Неге екен, балалық шағын аңсаған кез келген ересек сонда – бақытты сәттерінің жарқын эмоциялары таңбаланған киноархивке жиі соғып тұруға асық. Өйткені дәл сол әлемде ол балаша қуанып, балғын шағымен жүздесе алады.