Әлем • 22 Маусым, 2018
Жаһан жаңалықтары. Иранда стадионға қыздардың кіруіне рұқсат етілді
Иран билігі 1979 жылдан кейін алғаш рет нәзік жандылардың ер адамдармен бірге стадионда футбол көруіне рұқсат берді.
Білім • 22 Маусым, 2018
Астанада робот техникасы бойынша байқау жеңімпаздары анықталды
Кеше Астанадағы Назарбаев орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Тұңғыш Президент – Елбасы қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, «KazRoboProject-2018» робот техникасы бойынша ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды.
Бокс • 22 Маусым, 2018
Бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігіне 9 қазақстандық қатысады
20-31 тамыз аралығында Венгрияның бас шаһары Будапеште бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаевтың айтуынша, осы жарыста ел намысын 9 былғары қолғап шебері қорғайды. Олар – Махмуд Сабырхан (49 кило), Бейбарс Жексен (56 кило), Рахат Сейітжанов (60 кило), Талғат Шәйкен (64 кило), Ермахан Жақпеков (69 кило), Нұрбек Оралбай (75 кило), Сағындық Туғамбаев (81 кило), Айбек Оралбай (91 кило) және Дамир Тойбай (+ 91 кило).
Қазақстан • 22 Маусым, 2018
Көңіл толтыратын көрсеткіштер көп
Елордада Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтіп, онда жұртшылық мәдениет, өнер, спорт, тілдердің дамуы, және туризм саласындағы өздерін қызықтыратын сұрақтарға министрден тікелей жауап алды.