Коронавирус • 25 Маусым, 2020
Жағдайы ауыр науқастар көбейіп барады
Індет шеңгеліне бірінші болып іліккен Алматыдағы эпидемиялық ахуал алаңдатарлық. Коронавирус жұқтырғаны анықталған және ауыр жағдайларды айтпағанның өзінде, қазір екінің бірінің жақыны мен танысы екі өкпеден қысқан түсініксіз тұмаудан арыла алмай отыр.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Кедергісіз келешек мүмкіндігі шектеулі жандарға еркіндік пен жылу сыйлайды
Иә, мүмкіндігі шектеулі жандар бір қоғамда өмір сүреді. Бірақ оларды сирек көреміз. Өз бетімен аяқкиімінің бауын байлап, тамақ іше алмай, заттарын қол созып ала алмайды, көшеге шыға алмайды. Олардың да өзгелер секілді өмір сүруі, жұмыс істеуі қаншалықты қиын екені айтпаса да түсінікті.
Президент • 25 Маусым, 2020
Мәскеудегі әскери парадқа қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Атырауда татуласу орталығының қанатқақты жобасы былтыр Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасы аясында басталған еді. Содан бері 2 257 іс қаралып, оның ішінде 840 іс сотқа дейін шешімін тауыпты. Ал Билер кеңесі ажырасуға қатысты 200-ден астам материалды қарап, оның 200-ге жуығы татуласты. Қазір аталған орталық ұсынатын қызметтерге сұраныс артып отыр.
Руханият • 25 Маусым, 2020
«QazAlliance» – ізгілік жолындағы ұйым
Жер-жаһанды шарпыған індеттің беталысына қарамастан, Қазақстанның шетелдегі қоғамдық бірлестіктері белсенді жұмыс істеп жатыр. Көршілес Ресейдің өзінде 60-қа жуық қоғамдық бірлестік тіркелсе, әлем бойынша мыңдаған қазақстандықтың басын біріктіріп жүргені қаншама. Солардың бірі «QazAlliance» ұйымының туған жерден жырақта жүрген азаматтарымыздың игілігіне қызмет етіп жүргеніне 5 жыл толды.