Коронавирус • 25 Маусым, 2020

Жағдайы ауыр науқастар көбейіп барады

364 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Індет шеңгеліне бірінші болып іліккен Алматыдағы эпидемиялық ахуал алаңдатарлық. Коронавирус жұқтырғаны анықталған және ауыр жағдайларды айтпағанның өзінде, қазір екінің бірінің жақыны мен танысы екі өкпеден қысқан түсініксіз тұмаудан арыла алмай отыр.

Жағдайы ауыр науқастар көбейіп барады

 

Індет белгілері бар науқастарды емдеу жалғасады

Өзі де осы кеселден емделіп шық­қан Алматы қаласы Қо­ғамдық денсаулық бас­қар­ма­сының басшысы Камалжан Нады­ров халі өте нашар нау­қас­тарды емдеу үшін қолданылатын плаз­маны тапсырғаннан кейін, онлайн бри­фингте қаладағы эпидемиялық жағ­дай туралы жан-жақты баяндап, жур­на­лис­тер­дің сауалдарына жауап берді. Мега­­полистің бас дәрігері жағ­да­йы ауыр науқастардың көбе­йіп бара жатқанын жасырған жоқ.

– Біз жағдайы ауыр пациент­тер­дің көбею себебін талдай келе, бұл қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек­тің ишемиялық аурулары мен басқа да қосымша созылмалы кеселдері бар пациенттер санының көбеюімен байланысты деген қорытындыға кел­дік. Сондай-ақ аурудың ауыр­­лығы мен пациенттердің жасы арасындағы байланыс анық байқалады, яғни жағдайы ауыр және өте ауыр пациенттер арасында 80%-дан астамын 60 жас­тан асқан адамдар құрайды.

Аурушаңдықты талдау 20-29 жас аралығындағы жастардың жиі індетке шалдығатынын көр­сетіп отыр – 35%, жасы 60-тан асқан науқастар – 8,8%, – дейді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Жалпы, динамикада жағ­дайы ауыр және өте ауыр пациент­тердің көбеюі байқалады.

Қала бас дәрігері бастапқы тест теріс нәтиже көрсетсе де, індет белгілері бар науқастардың арнаулы хаттамаға сәйкес емделе беретіндігі туралы мәлімдей келе:

– КВИ-дің қауіпті және жиі асқынып жатқан түрінің бірі – пневмония болып тұр. Пациенттің жағдайын бағалау үшін өкпенің компьютерлік томографиясы уақтылы жүргізілуі қажет. Осыған байланысты, біз КТ қызмет көрсетушілерінің тізілімін жасадық, емханалар КТ орындайтын мемлекеттік және жекеменшік ұйымдармен шарттар жасады. Қала бойынша аталған қызмет көрсетушілер саны – 12. КТ қызметтерін жеткізушілер коронавирустық инфекция диаг­нозы расталған пациенттерді қабылдау жұмыстарының бөлек кестесін және ауру белгілері ұқсас пациенттер үшін жеке уақыт­ты анықтады. Сондай-ақ үш ай ішінде КТ аппаратын ҚБЖАА-ға және ЖШМККА-ға жеткізу күтілуде, бұл осы зерттеуге қолжетімділікті артты­ра­ды. Дәрігердің жолдамасынсыз, сәулелік жүктеменің жо­ғары болуына байланысты КТ зерт­теу­лерін жүргізу ұсы­ныл­май­ды, – дейді.

1

К.Надыровтың айтуынша, бірқатар зертхана түрлі себеппен уақытша істен шықты. Осы аптада жұмыс жаңартылатын болады. Сондай-ақ Болат Өтемұратовтың қоры сыйлаған мобильдік зертхана пайдалануға беріледі. Қыс­қа­сы, зертханалардың істен шығуы ша­һар­да кәдімгідей алаң­дау­шы­лық туғызды.

«Бірақ пациенттерде тест нәтижесі індет жұқтырмағанын көрсеткеніне қарамастан, корона­ви­русқа ұқсас клиникалық бел­гі­лер көрініс тапқан жағдайда, біз диагностикалау мен емдеудің жаңа клиникалық хаттамасына сәйкес, тестілеу нәтижесін күтпестен емдеуді бастаймыз. Бұл емдеу процесін бақылауға және дертті өршітіп алмауға мүмкіндік береді. Болашақта осындай іркілістерді болдырмау үшін жеке жеткізушілерді тарту арқылы ағымдағы қуатты арттыру және жаңа зертханаларды ашу мәселесі пысықталуда», деді ол.

 

13 медициналық ұйым жұмылдырылды

Қоғамдық денсаулық басқар­ма­сының басшысы Алматыда коро­навируспен күресу үшін бар­лығы 13 медициналық ұйым жұ­мыл­дырылғанын айтып отыр.

– Сол сияқты амбулаториялық деңгейде ауқымды жұмыс жүр­гізі­луде. Мұнда біз виртуалды жұқ­палы аурулар ауруханасын ашып, расталған жағдайларда да, коронавирустың ықтимал жағ­дайлары бар пациенттердің ден­саулық жағдайына мониторинг жүргізудеміз. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жерде ең қиы­ны, бұл ағымның симптомсыз немесе жеңіл түрі бар халықты үйде болуға сендіру. Әйткенмен, стационарлар толып қалғанына байланысты, тұрғындарға ең алдымен үрейге бой алдырмауды, болмашы дене қызуының болуы емдеуге жатқызу үшін аурудың себебі емес екенін айтқым келеді, – деді К.Надыров.

Қоғамдық денсаулық басқар­ма­сының басшысының айтуын­ша, әр емханада бекітілген регла­­ментке сәйкес пациенттерді мо­ниторингілеумен айналыса­тын мобильдік бригадалар құ­рыл­ған. Бүгінде олардың саны – 72. Мо­биль­дік топтың құрамына бө­лімше меңгерушілері, инфек­ц­­­­ионист дәрігерлер, эпидемиологтар, учаскелік дәрігерлер мен ме­йі­рбикелер кіреді. Барлығы 287 МСАК қызметкері жұмыл­ды­рыл­ған. Жұмыс сапасын арттыру мақ­сатында осы бригадалардың санын арттыру бойынша жұмыс жүр­гізілуде.

 

Өкпені жасанды желдету аппараттары жеткілікті ме?

Қазіргі таңда қаланың меди­ци­налық ұйымдарында 573 ӨЖЖ аппараты бар. К.Надыров бұл аппа­раттардың жүктелуі мен қажет­тілігіне талдау жүргізілгені тура­­лы былай дейді:

– Бұдан басқа, 2 ай ішінде 18 ӨЖЖ аппараты мен медициналық жедел жәрдем автокөліктеріне арналған 20 портативті ӨЖЖ аппараты жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша қажет болған жағ­дай­да ӨЖЖ аппараттарын қосымша іске қосу мүмкіндігі бар. Жалпы, бізде қорда індет жұқтырған па­циент­­терді емдеуге арналған 100-ден астам ӨЖЖ аппараты бар. Бұл жеткілікті, – деді.

Қаланың бас дәрігері нау­қас­тар­дың көбейіп бара жатқанын еске­ре отырып, ҚДБ колл-орта­лы­ғы мен емханалар арасында өзара әрекет жасалып жатқанын атады.

Бүгінде провизорлық төсек-орын­дар 90%-ға жүктелген, инфек­циялық төсек-орындар 95%-ға толды. Жұқпалы аурулар бейініндегі қосымша төсек-орнын ашу үшін «Halyk Arena» базасында 500 төсек-орнын ашу нұсқасын қарастырудамыз. Сондай-ақ біз 150 төсек-орынға арналған «ТЖ ауруханасы» АҚ госпиталі базасында жұқпалы аурулар стационарын ашуды ойластырып отырмыз.

Осылайша жұқпалы ауруларды емдеуге бейімделген 1940 төсек-орынға қосымша тағы 650 төсек-орын ашылады. Жағдай одан әрі ушыққан кезде, «Halyk Arena» базасындағы төсек-орындар санын 300 төсек-орынға көбейту мүмкіндігі бар. Сол сияқты «Almaty Arena» базасында да төсек-орындар ашуға болады. Осының барлығын есептегенде, 3700-ге дейін жұқпалы ауру­лар төсек-орнын, провизорлық төсек-орындарын 1 мыңға дейін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз жатақханалар базасында про­визорлық және жұқпалы аурулар төсек-орындарын ашу мәселесін қарастыратын боламыз, – деді басқарма басшысы.

 

Коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырды

Осы арада Қазақстанда коро­на­­вируспен ауырғандардың ан­ти­денелерін алу процесі бас­­тал­ға­нын айта кеткен жөн. Бұл процедураны қалау­шы­лар Алматы қаласының Республикалық қан орталығында өткізе алады.

– Өздеріңіз білетіндей, мен осы инфекциямен ауырдым және менің плазмам аурудың ауыр түрімен ауыратын пациенттерді емдеуге көмектеседі деп ойлай­мын. Жұқтырғандар үшін қолда­нылатын бұл әдіс тірі вак­ци­на­ның әсеріне ие және көп­ші­лікке сауығып кетулеріне көмектеседі. Донор болу – әрбір адамның парызы. Қазіргі уақытта Алматыда 2 мыңнан астам адам емдеуден жазылып шықты. Мен әрбір ауы­рып жазылған адамды Covid-19 антиденесіне қан тапсыруға ша­қы­рамын, осылайша корона­ви­рус­тан емделіп жатқан көп­те­ген адамға, ең алдымен ауыр жағдайдағы науқасқа кө­мек­те­су­ге болады. Процедура ауырт­па­лық­сыз және қауіпсіз өтеді. Дәл қазіргі жағдайда – вирус­пен күрес жағдайында барлы­ғы­мыз бірігуіміз керек, – дейді К.Надыров.

Республикалық қан орта­лы­ғының директоры Дилявер Бекировтің айтуынша, бір ай ішінде 24 адам плазма тапсыруға өтініш білдірген, бірақ тек үшеуі ғана донор болды, себебі оларда COVID-19 антиденелердің жоғары титрі анықталған. Камалжан Талғатұлы барлық белгілер бо­йын­ша донор ре­тін­де сәйкес келді, өйткені оның ағзасында анти­денелердің жо­ға­ры титрі анық­тал­ған.

Плазмаферез (плазма дайындау) процедурасы барысында бір донордан 600 мл плазма алады, жұқтырған адам үшін 200 мл жеткілікті. Плазманың мұндай көле­мін алу ғылыми тұрғыдан негіз­делген және донорға еш­қан­дай зиян келтірмейді.

 

АЛМАТЫ