Қоғам • 25 Маусым, 2020
Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі жанында жастарға азаматтық-патриоттық, эстетикалық-экологиялық тәрбие беріп, саламатты өмір салтын насихаттайтын пәндік үйірмелерге 800-ге жуық студент – мүше.
Қоғам • 25 Маусым, 2020
Елін әлемге танытқысы келетін дипломат
Эльнара Байназарова – өз қызметінде халықаралық ірі ұйымдардың Қазақстанмен байланысын арттырып, халықаралық қауымдастыққа елімізді таныстырып жүрген жас мамандардың бірі. Ол дипломат ретінде Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы қызметін үйлестіруге тікелей атсалысып келеді.
Елбасы • 25 Маусым, 2020
Көшбасшылық жөніндегі еңбектердің басым бөлігінде қарастырылған мәселелердің бірі – басшы мен көшбасшы арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар. Бұл саладағы көптеген зерттеулерде көшбасшылықтың басқарудан өзгеше, деңгейі жоғары процесс екені жөніндегі қорытынды тұжырымдар кездеседі. Басшы мен көшбасшы арасындағы ең маңызды айырмашылық – тіпті қиялдауға болмайтын мақсат төңірегінде көпшілікті біріктіріп, сендіруі, сол іске жұмылдыруы. Сол себепті егер басшы болсаңыз, қолдан келетін, күнделікті істерге көңіл бөлесіз; ал шын көшбасшы болсаңыз, кездейсоқтықты мүмкіндікке айналдырасыз. Бұл сонымен қатар, көшбасшы мен оның соңынан ерген көпшілік арасындағы тылсым күшті де көрсетеді. Осындай көшбасшылар көпшіліктің «бұл мүмкін емес» деген нәрселерін жүзеге асыра алады.
Оқиға • 25 Маусым, 2020
Қазақ әрбір әрекетін айқындайтын ғибратты сөз қалдырған. Соның бірінде «Толған ел тарихын таспен жазады» депті. Арғы-бергі дәуірдің сайын даладағы жылнамасы – әр төбенің басындағы мүлгіген молалар, маңғаз құлпытастар. Атырау облысындағы Тайсойған құмында да көне тарихты бүгінге жалғап жатқан мұндай жәдігерлер жеткілікті.
Руханият • 25 Маусым, 2020
Бүкіл ғалам ақпаратпен сусындаған ғасырда архив саласы адамзат пен ақпараттың, БАҚ пен технологияның арасындағы рухани көпірдің рөлін атқарып, қоғамның барлық саласы заманауи үрдіске бет түзеуде. Еліміздегі тарихи-мәдени нысандар (музей жәдігерлері, кітаптар мен қолжазбалар, архив құжаттары) цифрлау мен құндылықтарды электронды ортада қалыптастыру мүмкіндігіне ие болуда.