Футбол • 20 Маусым, 2018
ӘЧ: «Үш түсті» елдің үкілі үміті
Мексика құрамасы – футболдан әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келе жатқан командалардың бірі. Дүбірлі додаға осымен 16-рет қатысып отыр. Мексикалықтар әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесіне 1970 және 1986 жылдары қол жеткізген. Екі біріншілікте де олар ширек финалға дейін жеткен. Соңғы жеті чемпионат бойы Мексика доп додасына тұрақты қатысып келсе, құрама капитаны Рафаэль Маркес биыл бесінші әлем чемпионатында өнер көрсетіп отыр.
Қазақстан • 20 Маусым, 2018
Римде қазақстандық фильмдер көрсетілді
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен Қазақстанның Италиядағы елшілігі Рим қаласында «Жұлдыздар тоғысқанда», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Он алты қыз» фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастырды.
Қазақстан • 20 Маусым, 2018
Қазақ актері Қытайда жүлдегер атанды
Кино – шығарма, шығарма желісі сәтті өріле алса, өз алдына бір әлем, өмір. Қазіргі таңда отандық кино өндірісі дамып, қоржынды бірнеше жаңа кинолармен толтырды. Әрине, оларға айтылатын сын да, тағылатын мін де жоқ емес...
Тарих • 20 Маусым, 2018
М.Әуезов атындағы драма театры музейінде 300 мыңнан астам жәдігер сақталған
Өзінің өткенін ардақтай білетін, әрбір істен мән-мағына тудыра алатын халық музей ашуға пейілді келеді. Музей – халықтың тарихи танымының шежіресі, түрлі оқиғалар мен кезеңдердің, ұмытуға болмайтын сәттердің куәгері. Мұндағы әр заттың өзіндік тарихы бар. Сол затқа назар сала отырып, біз руханият дүниесіндегі бірнеше параллель оқиғалар мен кезеңдерді, дәуірлік құнды деректерді байқаймыз.
Әдебиет • 20 Маусым, 2018
Сұлтан Оразалы. Жетім құжыра (Хикая)
Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалы «Сталин өлген жыл» атты көлемді кітабын аяқтады. Тың шығарма көркемдігімен, өзінің ерекше болмыс-бітімімен көңіл аударады. Автор оның жанрына «гибридті хикая» деп тосын анықтама беріпті. Шындығында, хикаяның әр тарауы жеке-дара туынды бола тұрып, онда тарихи әрі көркемдік қиялдан туған оқиғалар, деректі прозаның ұшқындары, естелік, эссе, көсемсөз жанрлары жымдасып, кірігіп кетеді. Жазушы елуінші, алпысыншы жылдары халқымыз бастан кешкен ауыр кезеңді, атом сынағының астында қалған шерлі аймақтың тақсыретін шынайы көрсеткен. Оқырман назарына осы шығарманың бір бөлімін ұсынып отырмыз.