Аймақтар • 21 Маусым, 2019
Әлеуетіміз бен мүмкіндігіміз жетеді
Қазақстан – әлемдегі өркениетті мемлекеттердің арасынан өз орнын лайықты алуы керек. Осы мақсатта елімізде ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформаларға байланысты атқарылуға тиіс 10 бағытты қадап тапсырған болатын.
Саясат • 21 Маусым, 2019
«Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде ұстанған осы ұраны бір қиырдан екінші қиырға ұрынбай, эволюциялық даму жолымен алға басуды қалайтын көпшіліктің көңілінен шығып, үлкен қолдау тапқандығы даусыз. Ол ел Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде өз ұстанымына беріктігін білдіріп, бірінші кезекте Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегияларын жүзеге асыруға ден қоятындығын мәлімдеді.
Экономика • 21 Маусым, 2019
Бюджеттік саясат экономиканы дамытуға негізделгенде ұтымды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдауы жарияланды және Үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды. Бірлескен отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың, Орталық сайлау комиссиясының және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары, Үкімет мүшелері, республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Президент • 21 Маусым, 2019
Анкара қаласында Халықаралық Түркі академиясы шығарған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Tarih Yapan Adam» («Тарих жасаған тұлға») атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Туысқан ел астанасындағы аталған іс-шараны Академия Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Президент • 21 Маусым, 2019