Қоғам • 27 Шілде, 2020
Мұхтар Құл-Мұхаммед: Мыңдаған отандасымыздың өміріне қауіп төне жаздады
Таяуда Алматыда жалған дәрі-дәрмектер даярлайтын астыртын цех табылғаны белгілі. Тексере келгенде сол дәрілерге арналған қорап шығаратын баспахана мен оларды сақтайтын қойма да табылып, 100 тоннадан астам күмәнді препараттар тәркіленді. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 27 Шілде, 2020
Құндылықтарынан айырылған қоғамның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия өтірік, бәрі қазаққа чип салу үшін жасалып жатыр екен» деген дақпыртқа да сендік. Ұлы Абайдың «қазақтың шын сөзге нанбай, құлаққа қоймай, тыңдауға да қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сауалы тағы да алдымыздан шықты. Міне, «Абай деген адам болмаған екен» деген сөзге де ден қойып жатырмыз.
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Бүгін қазақтың қос ғарышкерінің туған күні
Бүгін қазақтың қос ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтің туған күні, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Шілде, 2020
Мәулен Әшімбаев Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді
"Таяуда ғана Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылында болған оқиғалар ел көңіліне қаяу түсірді. Қазіргі таңда халқымыз бұл мәселелерге байланысты үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр", дейді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Видео • 27 Шілде, 2020
Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіледі
Бұл мәселе бойынша келісім гидробиология және экология институты мен Орта Азия экологиялық зерттеулер институты өкілдерінің қатысуымен балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысында талқыланды. Ұйымдастырушы – Экология министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, деп хабарлайды Egemen.kz