Қоғам • 25 Шілде, 2022
Электронды құжаттың заңды күші бар
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осыған сәйкес, енді электронды құжаттар заң жүзінде оның қағаз түпнұсқасымен тең дәрежеде қолданылады. Ал ауылдық жерлерде ұялы байланыстың сапасы нашар болғаны үшін операторлар жауапқа тартылады.
Президент • 25 Шілде, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді
24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Шілде, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Ынтымақтастыққа тың серпін беретін кез келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барды. Екіжақты келіссөздерден кейін Президент іскерлік топ өкілдерімен әңгімелесіп, екіжақты бірнеше кездесу өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 24 Шілде, 2022
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия елдері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтті. Жиын барысында өңір үшін маңызды көптеген бастама көтерілді. Бұл жолғы саммит жаһандық геосаяси ахуал күрделенген сәтпен тұспа-тұс келгендіктен, оның қорытындысы бойынша қабылданған құжаттар «төртеу түгел болса, төбедегі келетінін» анық аңғартып отыр.
Қазақстан • 24 Шілде, 2022
Сайлау жүйесі: Сенім мен селқостық
Сайлау десе жұртшылықтың елең ете қалатыны рас. Дауыс беруге бармағандардың өзі «кім жеңіске жетті екен?» деп сайлаудың қорытындысын білуге асық. «Менің дауысым не шешеді?» дегендердің үйдің сыртында саясат жайлы сайрай жөнелетінін көрдік. Сайып келгенде, елдің тағдыры шешілетін маңызды науқан жайлы әр тұрғынның өзіндік пікірі бар. Ендігі жерде сайлаушылардың белсенділігін арттырып, баянды болашаққа деген сенімді қалыптастыру маңызды.