Қоғам • 19 Шілде, 2023
Орман-тоғайды жалмаған көбелектер
Керекудің ормандары биыл тағы жұпсыз жібек көбелегінен зиян шегіп жатыр. Бір жыл ішінде жорғалағыш жәндіктердің таралуы 3 мың гектарға ұлғайып, 32 мың гектарға таяу орман жамылғысы ошақ аумағында қалды. Өкінішке қарай, зиянкестерді құртуға бөлінген қазына қаражаты бұл аумақтың тек жартысын ғана өңдеуге жеткілікті. Мамандар жібек құртын жоюға кемі үш-төрт жыл уақыт жұмсалатынын айтып отыр.
Қоғам • 19 Шілде, 2023
Әлем чемпионы, Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандық спортшы Англияда көкөніс теріп жүр
Гиннес рекордтар кітабына екі мәрте енген, стритлифтинг пен стритворкауттан әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Ильдар Ягяев қазір Англияда көкөніс теріп жүр. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің 19 шілдедегі №134 санында жарық көрген «Жырақта жан баққан жастар» (авторы Зейін Ерғали) атты мақалада айтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 19 Шілде, 2023
Шығармашылық адамдарының арасында жаратылыс пен табиғатты алабөтен нәзік сезіне алатын композиторлар дер едім. Бетховен көз алдыңа алапат дауылды әкеледі. Моцарттың музыкасынан ай жарығымен сіркіреп тұрған жылы жаңбырды естисің. «Битлз» шырқағанда күннің шығып келе жатқанын, Сальваторе Адамо ән салғанда ақ қардың жерге түскен сәтін көріп тұрасың. Исао Томита, тіпті Мусоргский мен Дебюссиді орындағанда да Жапон теңізінің желіндей суық. Ал Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі «Сарыарқаны» құйқылжытқанда толқынды тілген кемедей теңселіп кетпейсің бе! Содан да болар, өршіл рухты бүкіл артерияңа тарататын күй дүниенің екінші құдіреті дерсің. Мейірімге толы музыка ғана оята білетін осындай тылсым көңіл күйдің көкіректе жатталып қалатыны саф өнердің мәңгілік екенін тағы да есіңе салып өтеді.
Оқиға • 19 Шілде, 2023
Саунадағы «лагерь»: Қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында орналасқан «Арман дала» жазғы лагеріне балаларын жіберген ата-аналардың қуанышы ұзаққа бармады. Жазғы демалысын осы лагерьде өткіземіз деп келген оқушылар күтпеген жайтқа тап болып, өрескел жағдай туралы ата-аналарына хабарлаған. Осының ізін ала әлеуметтік желіде еденде, желдетілмейтін бөлмелерде ұйықтап жатқан балалар туралы бейнежазба тарады.
Қоғам • 19 Шілде, 2023
Ұлытау облысының прокуроры қызметінен босатылды
Жарқынбек Бақашбаев Ұлытау облысының прокуроры қызметінен босатылды. Тиісті бұйрыққа ҚР Бас прокуроры қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.