Әлем • 24 Шілде, 2022
Италия премьер-министрі Марио Драги елдегі саяси алауыздыққа байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді. Бірақ ел президенті оның бұл шешімін қолдамайды. Сарапшылар Италия саяси дағдарыс пен жаңа сайлауға дайындалуы қажет екенін айтып отыр.
Әлем • 24 Шілде, 2022
Халықаралық сот Мьянманың шағымын қабылдамады
Халықаралық сот Гамбияның Мьянмаға қарсы ашқан «Аракандық мұсылмандарға қарсы геноцидті тергеу» ісіне қатысты шешім қабылдады. Шешімнің қорытындысы бойынша, сот Мьянманың қарсылығын қабылдамады.
Әлем • 24 Шілде, 2022
Біздің елдің көп тұрғыны Еуропаның ескі көлігіне құштар. Ал мынадай жаңалықтан кейін Қазақстанға ескі көліктер су тегінге ағылуы мүмкін. Еуропалық одақ 2035 жылға қарай іштен жанатын жағармай қолданатын қозғалтқышы бар көліктерді сатуға тыйым салмақ. Бірақ бұл бастаманы қарт құрлықтың бәрі қолдай қойған жоқ. Ұйымның мұндай қадамға баруы әлемдегі климаттың өзгеруіне байланысты.
Қаржы • 24 Шілде, 2022
Банктер букмекерлерге көмектесіп отыр ма?
Бәс тігіп табысқа кенелмек болғандарға банктер жақсы көмек болып тұр. Кез келген адам қаржы институттарының мобильді қосымшасы арқылы букмекерлік кеңсе шоттарына ақша салып, ұтыстан үміттене алады. «Нұрбанк» АҚ мобильді қосымшасында 5 букмекерлік компанияның шотына ақша салуға болады, олар – Parimatch.kz, olimpbet.kz, 1xBet, Tennisi.kz, Fairplay. Kaspi.kz арқылы – 1xBet, olimpbet.kz, Tennisi.kz, «Хоум Кредит Банк» көмегімен – 1xBet.kz, Fairplay, Tennisi.kz, Parimatch.kz, Gol+Pas, Faqbet, Jusan мобильді қосымшасына кіріп, Gol+Pas, Parimatch.kz, 1xBet.kz, olimpbet.kz, Tennisi.kz, Fonbet шоттарын толықтыруға болады. Ірі қаржы ұйымы бола тұра «Қазақстан халық банкі» өз жүйесіне бірде-бір букмекерлік кеңсені тіркемепті. Елдегі бір ойынқұмардың орташа қарызы 10 млн теңгеге жеткен.
Аймақтар • 24 Шілде, 2022
Су айдындарында сақтық шаралары күшейтілді
Ақтөбе облыстық ТЖД мамандары мен қалалық Полиция басқармасы қызметкерлері суға түсуге жабдықталмаған және рұқсат етілмеген орындарда рейд жүргізуге кірісті. Соның нәтижесі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 364-бабымен 37 адам және 440-бабымен 12 адам жауапкершілікке тартылды.