Руханият • 24 Шілде, 2020
Француздар «Біздің достарымыздың достары – біздің достарымыз» деп мақалдайтын көрінеді. Жаны бар сөз. Адамды адамға жақындастыратын жайдың бірі – жақсы көретін кісіңнің жақсы көретін кісісі болуы. Қазақ журналистикасының қайраткер тұлғаларының бірі, өмірден өткеніне жыл жаңа толып жатқан досымыз Жүнісбек Сұлтанмұратов жайындағы пікірімнің қалыптасуына әуелде Жұмабектің әңгімесі әсер еткен-ді.
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Елімізде жүздеген волонтер тәулік бойы дәрігерлермен бірге қызмет етуде. Олар оқшауланған науқастарды бақылап, аурухана, провизор орталықтарында дәрігерлерге көмектесуде. Волонтерлердің мақсаты – індеттің таралуын тоқтатуға барынша атсалысу.
Әлем • 24 Шілде, 2020
Пандемияның ауыртпалығы арта түсуі мүмкін. Қазір әрекет ету керек. Елдің басым бөлігі толықтай шектеу шарасын енгізуді қажет етуі мүмкін. Саясат пен ғылымды араластырсаң, саясат шығады. АҚШ-тағы коронавирус індетінің таралуы саясаттың мұндай жағдайда «жұмыс істемейтінін» көрсетті. Егер экономиканы қайта қалпына келтіріп, мектептерді қауіпсіз жағдайда ашқымыз келсе, ғылымға оралуымыз керек.
Руханият • 24 Шілде, 2020
Мен осыдан біраз жыл бұрын елдігіміздің өткені мен келешегін тебірене толғаған «Ту» атты поэмамда: «Қашанда қиянаттан қазақ өлген, Жауыздың ешбірі жоқ жаза көрген. Көк тудың қасиетті киесі атар, Сабынан ұстамасаң таза қолмен», – деген едім.
Пікір • 24 Шілде, 2020
Жамандықтан жауапкершілік құтқарады
Көзге көрінбейтін, қолға ұстап көруге болмайтын вирус әлемді әбігерге салып, қазақ халқының басына да қара бұлттай үйіріліп, айналасы аз уақыттың ішінде талай-талай тұлғаларымызды арамыздан алып кеткені қабырғамызды қайыстырады. Қаралы хабарларды естіген сайын, жанарымызға жас үйіріліп, жүрегіміз қарс айырылардай күйде отырғанымыз анық.