Елімізде жүздеген волонтер тәулік бойы дәрігерлермен бірге қызмет етуде. Олар оқшауланған науқастарды бақылап, аурухана, провизор орталықтарында дәрігерлерге көмектесуде. Волонтерлердің мақсаты – індеттің таралуын тоқтатуға барынша атсалысу.

Облыс орталығындағы «Баянтау» спорт кешенінде арнайы госпиталь ашылды. Бұл жерде коронавирустық инфекцияға ұқсас белгілері бар науқастар қабылданады. Ал осы кешенде спорт нұсқаушысы болып қызмет еткен волонтер – Азамат Қарғожинов триаж орталығында волонтер достарымен бірге дәрігерлерге көмектесуде. Олар орталықта тазалық сақтау, науқастарға азық-түлік жеткізу сияқты қызметтерді атқарады.
– Әрине, алғашқыда физикалық, психологиялық тұрғыдан қиын болды. Қазір үйрендік. Арнайы қорғаныш киімін киеміз, – дейді Азамат.
Спортшы, волонтер Зафар Шафиков күндізгі ауысымда жұмыс істейді.
Қазір провизорлық орталыққа айналған ауруханада Азамат пен Зафар секілді волонтерлер аз емес. Барлығы да арнайы қорғаныш киімдерін киіп, ауысымға дайын жүреді. Індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге көмек көрсетеді. Жергілікті екі колледж ұжымы түскі және кешкі ас әзірлейді. Мысалы, Яна Касьян музыкалық колледжде скрипкадан сабақ берсе, қазір ол оқытушылығын уақытша аспаздыққа ауыстырыпты. Яна бастаған қыздар провизорлық госпитальда қызмет етіп жүрген 25 дәрігерге түскі ас әзірлейді.
Ал павлодарлық блогер Константин Музалевский 14 сағат бойы жабық қорғаныш киімде жүріп, дәрігерлер көмектесуде. Ол да волонтер-санитар атанды.
– Мен «Баянтау» триаж орталығына әлеуметтік желілердегі дәрігерлер шақыруын көріп, бірден келдім, – дейді Константин Музалевский. – Блок-бекеттерде, ауруханаларда дәрігерлермен бірге індетпен күресуге кірістім. Ауысым сайын орталықта жатқан науқастарға көмектесемін, оларға келген сәлемдемелерді жеткіземін, жаңадан түскен науқастарды тіркеймін.
Волонтер жігіт Константин толық жабық киім киіп жұмыс істеудің қиындығын өз көзімен көріп, өз денесімен сезініп, дәрігерлер жұмысының оңай еместігін түсінгенін, оларды қолдайтынын жеткізді.
– Ыстық күнде қорғаныш жабық костюмде жұмыс істеп жүргендерді көрдім. Қорғаныш жабық киім дегеніңіз – іші ыстық, тіпті еркін қозғалуыңызға кедергі жасайтын арнайы киім. Бір-бірімізді, дәрігерлерді, санитарларды ажырату үшін қорғаныш киім сыртына маркермен қызметімізді, аты-жөнімізді жазып қояды. Әйтпесе, бәріміз бірдейміз. Бір-бірімізді сөзсіз-ақ ұғынып, түсінісеміз. Ал «қызыл» – жабық жерден, «жасыл» алаңға өту үшін міндетті түрде қорғаныш киімін шешіп, суға түсіп, душ қабылдайсың. «Жасыл» алаңға шыққанда аздап демалып, тамақ ішіп әлденіп аласың. Жұмысқа қайта оралғанда, яғни «қызыл» алаңға өткенде қайтадан жаңа қорғаныш киімін киіп, бетперде, көзілдірік тағамыз. «Баянтау» провизор орталығында науқастар үшін барлық жағдай жасалған. Барлық дәрі-дәрмек қазір толық жеткілікті, – дейді волонтер.
Өңірдің бас эпидемиологі Сәуле Оспанованың айтуынша, госпитальда барлық медициналық талаптар сақталған. Спорт кешеніне 200 провизорлық төсектік орын қойылған. Ғимараттың аумағында «жасыл», «қызыл» аймақтар бар. Науқастар «қызыл» аймақ арқылы таза аймаққа өтеді. Қызметкерлер үшін қосалқы есіктер жасалған. Госпитальға түскен науқастар күнделікті өмір үшін қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ call-орталығы жұмыс істейді, госпитальда wi-fi бар. Бұл арқылы науқастар компьютерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Триаж-орталықтың іске қосылуы ауруханалар мен жедел жәрдем қызметінің жүктемесін азайтуда. Бұл жерде жедел шешім қабылдайтын тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейді. Барлық медицина қызметкері жеке қорғаныш құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Медицина қызметкерлерінің де, науқастардың да эпидемиялық қауіпсіздігі – аса маңызды.
Павлодар облысы
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар