Қазақстан • 17 Шілде, 2017
«Астана» ХҚО мен Malaysia Debt Ventures Berhad компаниясы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Бүгін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) GreenTech Catalyst Sdn Bhd (Малайзия) бірлесіп бір аптаға созылатын семинарды ұйымдастырды. Ислам қаржыландыруы мен жасыл қаржыландыруға арналған семинар Малайзия павильонында 23-шілдеге дейін созылады.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
ОҚО-дағы тоқыма иіру-ширату фабрикасы жұмысын бастады
Еліміздегі тоқыма өндірісіндегі көшбасшылардың бірі - «OxyTextile» ЖШС-і жұмыс аясын кеңейтті. Бұл мақсатта «Azala Cotton» мен «OxyTextile» ЖШС-і барлық мүліктік кешенін біріктіріп, «Azala Cotton» ЖШС болып қайта құрылып отыр, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Алматы облысында дуатлоннан жарыс өтті. Өңір бойынша тұңғыш ұйымдастырылған таңсықтау спорт түрінің әлем бойынша дами бастағаны да күні кеше ғана. Дуатлонның шарты – адғашқы белгілі қашықтық жаяу жүгіруден, одан соңғы аралық велосипедпен, үшінші, соңғы этап қайтадан жүгірумен түйінделеді. Екі спорт түрін біріктірген спорт кез келген адамның қатыса алатындыңымен ерекшеленеді.
Мамандықты тек грант үшін таңдау дұрыс па?
Жаз айлары біреу үшін демалыс болса, мектеп түлектері мен олардың ата-аналары үшін уайымға толы кезең. Алдымен жыл бойы қорқа күткен ҰБТ-ға қатысады, одан кейін мамандық таңдап, құжат тапсырады, соңынан конкурс нәтижесін тағатсыздана күтеді. Бұл күндері аталған үш уайымның біреуі өте өзекті болып тұр – түлектер мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсыруда. Осы орайда, қайтсем де грант иеленуім керек деп жүрген жастар өте көп. Бұлай ойлау дұрыс па, әлде қателік пе – осы жайлы ой қозғауды жөн көрдім.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Алдағы күндері Қазақстанда жауын-шашын болады
18-20 шілдеда еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр және найзағай болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.