Қоғам • 24 Шілде, 2020
Науқастарға уақтылы көмек берілді
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, №1, №3 қалалық ауруханаларға індет кезінде науқастарға қажетті өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді. Германияның Dräger компаниясы жасап шығарған жоғары сапалы Savina 300 үлгісіндегі ӨЖЖ аппаратын қалалық әкімдік өңірлік денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп сатып алыпты.
Қаржы • 24 Шілде, 2020
Жеке қаржыны басқаруды үйрену маңызды
Әлемде және Қазақстанда халықтың қаржылық сауатының деңгейі қандай? Жуырда Freedom Finance life компаниясы осы тақырыпта жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялады.
Экономика • 24 Шілде, 2020
Қайда кетіп барасың, қайран теңге?
Қазір 1 АҚШ долларының бағамы 408 теңге 49 тиынға тең. Бұл Үкімет төл валютамызды «еркін жүзуге» жібергенінің бір көрінісі. Бір өсіп, бір төмендеген теңгенің долларға шаққандағы бағамы экономикалық қарым-қатынастардың ретсіздігіне себеп болып тұр. Алға қойған жоспарлардың біразы аяқсыз қалды. Әйтсе де ірі экспортерлер бұл жағдайда байсалдылық танытты. Олар теңгенің құнсыздануы мен елдегі үлкен бизнесті қолдаудың арасынан үміт көріп отыр. Себебі билік доллардың тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық қорды пайдаланып келген-ді. Шынында, экономикалық заңдылық бойынша нарықты жасанды тежеу қауіпті.
Қоғам • 24 Шілде, 2020
Жемқорлық фактілері азаймай тұр, қайтпек керек?!
Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің негізгі бағыттарына өзгерістер енгізіліп, қылмыскерлерді құрықтап, жазалауға емес, оны болдырмауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жаппай ағартушылыққа басымдық берілуде.
Руханият • 24 Шілде, 2020
Балалардың құқығын қорғау – болашақтың құқығын қорғау
Қазақстан аумағында балаларды тәрбиелеудегі қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық акт – «Неке және отбасы туралы» кодекс. Онда балалардың әлеуметтік және материалдық құқықтары анықталған. Балалар – қоғамның әлсіз қорғалған өкілдері және олар ерекше қорғауды қажет етеді. Сондықтан да мемлекет пен халықаралық қоғамдастық жалпы кәмелетке толмағандарды жеке топқа оқшаулаған.