Елорда • 17 Шілде, 2023
Астанада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері бойынша бірқатар объекті салынып жатыр. Оның ішінде газ жылу стансалары, сорғы-сүзгі су стансасы (ССС-3-тің 2-кезеңі), ЖЭО-3 және басқа да нысандар бар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек инфрақұрылымдық объектілер құрылысының барысын және жылумен жабдықтау жүйелерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылады.
Энергетика • 17 Шілде, 2023
Елімізде электр тапшылығы мәселесі ай өткен сайын өзекті болып бара жатыр. Былтыр 8 ай (қаңтар, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қараша, желтоқсан) бойы тапшылық айқын байқалған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, электр энергиясын өндіру 112,86 млрд кВт сағатты құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз.
Сұхбат • 17 Шілде, 2023
Рахметқажы Берсімбай: Әлем ғалымдары адам жасушасын өсіріп, органдарды жаңалайтын деңгейге жетті
Көрнекті ғалым, Клеткалы биология және биотехнология ғылыми-зерттеу институтының директоры Рахметқажы Берсімбай есімі елімізге ғана емес, шет мемлекеттерге де жақсы таныс. Жақында айтулы академикпен кездесіп, әлемдік және отандық генетика ғылымы туралы аз-кем әңгімелестік.
Көрме • 17 Шілде, 2023
Азаттық мұратына адал коллекционерлер
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Астананың «Экзотика» арт-галереясы бірлесе отырып, Клара және Дана Исабаевалардың жеке коллекциясынан алынған «Тәуелсіздік бейнелері» атты көрмесін ұсынды. Көрмеге қойылған топтама ХХ ғасырдың 90-жылдары және 2000 жылдардың басында жаңа идеямен жазылған бірегей туындыларды қамтиды.
Аймақтар • 17 Шілде, 2023
Жаңарған жылу жүйесі қаланы қалтыратпауға тиіс
Былтыр қыс ортасында жылусыз қалып, қалтыраған Екібастұз көп өңір үшін сабақ болды. Теміртауда да жылу өте кеш беріліп, тұрғындардың қатты жаурағаны да, жабырқағаны да бар. Әлбетте, енді бұл кемшілікке жол беруге әсте болмайды. Сол себепті де қазір жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Ресми ұйымдардың дерегінше, жылу құбырларының 70 пайызы ескірген. Биыл жаңартылатын құбырлардың жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайды. Бүгінде жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. Межеленген шаруаның шамамен 50 пайыздайы орындалған. Металлургтер мекеніндегі жылу жүйесінің жөндеу барысы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тікелей бақылауында.