Экология • 18 Шілде, 2024
Сәуірдің алғашқы күндерінен бастау алған айналаны абаттандыру, көгалдандыру, көріктендіру жұмыстары Ұлытау облысында одан әрі жалғасып жатыр. Мұнда облыстың елді мекендерінде атқарылуға тиіс іс-шаралар нақтыланып, бекітілген. Ауқымды шаруаны атқарып шығу айтар ауызға ғана оңай. Әйтпесе, қыруар істің қисынын табу, орайын келтіру біраз күш-жігерді талап етеді.
Экология • 18 Шілде, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Батыс Қазақстан облысында белсенді өтіп жатыр. Жақында төрт аудан мен Орал қаласында «Игі істер» марафоны ұйымдастырылды.
Зерде • 18 Шілде, 2024
Біржан салдың Көкжартасы һәм батырлар бейіті
Туған жердің төсіндегі бағзы заманның бейнесін, оқиғалар сорабын уақыт шымылдығы қымтай тұмшалап, көзден тасалап барады. Ел ішінде ескінің ескі естелігін жадына тоқығандар қатары да сиреген. Әйтсе де ұмытылмауға тиісті бірер жай жаныңа жай таптырмай, өзі сұранып тұрғандай.
Зерде • 18 Шілде, 2024
Катонқарағай ауданының тумасы Дүйсенбі Бөлкебаев 1943 жылдың күзінде Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар одағының мүшесі ретінде алғашқылардың бірі болып майданға аттанады. Елде соңынан ерген бір інісі мен екі қарындасы қалған еді. Майданда 32-гвардиялық атқыштар дивизиясына қызыл гвардияшы болып қатарға алынады.
Зерде • 18 Шілде, 2024
Асылдың сынығы, алтынның үзігі...
Алаштың арда азаматы, мәдениеттанушы, әке жолын жалғаған дара тұлға Мұрат Әуезовтің бұл пәнимен қоштасқанына қырық күн толады. Әкесі Мұхтар Омарханұлының мұрасына адалдық танытқан, Алаш зиялыларының ізбасарына айналған Мұрат ағаны біз қалай дәріптесек те жарасады. Қазақта «Ат тұяғын тай басар» деген керемет мәтел бар.