Руханият • 17 Шілде, 2019
Димаштай дүлдүлдің жұлдызын жағып, бағын асырған Витебскіде өткен өнер бәйгесі тағы бір таланттың маңдайын жарқыратты. Халықаралық қазылар алқасын асқан орындау шеберлігі мен қуатты вокалымен таң-тамаша еткен отандасымыз Әділхан Макин «Витебскідегі Славян базары – 2019» XXVIII халықаралық өнер фестивалінің Гран-при иегері атанды деген ақжолтай жаңалық алты алаштың қуанышы болды.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Кемеңгер ауылында орналасқан «Ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның фермасында бір мыңға жуық бөдене өсірілуде.
Руханият • 17 Шілде, 2019
Халқымыздың көне дәстүрі мен қолөнерін дәріптеп жүрген Шатарбай әулеті киіз бен былғарыдан түрлі бұйымдар дайындайды. Әсіресе, Дәуей ақсақалдың қолынан шыққан ағаш бұйымдар үлкен сұранысқа ие.
Руханият • 17 Шілде, 2019
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллинаның «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында өткен «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» өнер кешінде халық әндері, сал-серілердің музыкалық мұрасы, отандық композиторлардың вокалдық әрі аспаптық шығармалары, сондай-ақ ұлттық опералық классикадан таңдаулы ариялар шырқалды.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
«Баламекен» – Сыр өңіріндегі бірегей жоба
Көп балалы аналар – елдің байлығы, демографиялық ахуалды жақсартуға қосылып жатқан жақсы үлестің жаршылары. Бүгінде аузы батырлар «асырай алмайтының бар, неге туасың?» деп екіленгенімен оларға тиісінше жағдай жасауды мемлекет өз мойнына алып келеді. Соның бір айғағы, Қызылорда аймағында қолға алынған «Баламекен» жобасы дер едік. Атауының өзінде бал қызық балалықтың иісі шығып тұрған жоба бойынша «Бәйтерек» шағын ауданында 150 пәтердің құрылысы басталған болатын.