Қазақстан • 10 Шілде, 2018
Алматыдағы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының абайтану және әдебиет тарихы бөлімінің меңгерушісі, зерттеуші Серікқазы Жарма аудандық Мәдениет үйіне қазақтың көрнекті айтыскер ақыны, өлкетанушы, шежіреші, журналист Қалихан Алтынбаев талай айтыста қолына ұстаған домбыраны тапсырды.
Қазақстан • 10 Шілде, 2018
Кітап – жан азығы. Әскери қызметшілердің көркем әдебиетке құмарлығы да жақсы нышан. «Батыс» өңірлік қолбасшылығындағы барлық әскери бөлімдер кітап қорымен қамтылған. Кітапханада, ақпараттық-тәрбие жұмысы кабинетінде, демалыс бөлмелерінде кітап оқып қана қоймай, өзара пікір алмасуға қажет жағдайдың бәрі бар.
Аймақтар • 10 Шілде, 2018
Абай алаңына 87 миллион теңге бөлінді
Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «2018-2020 жылдарға арналған менің аулам» бағдарламасы қабылданған-ды. Биыл көп қабатты тұрғын үйлердің маңындағы он екі ауланы абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлінген.
Аймақтар • 10 Шілде, 2018
Күй құрметіне арналған ескерткіш
Қазақ аруының сұлулығын, кербез қылығын, бір сөзбен айтқанда тұтас бекзат болмысын қос ішектің күмбіріне сыйдырған «Ерке сылқым» күйі қырық жылдан бері қазақты күймен тербетіп келеді. Қазақ күй өнерінде айрықша биікке көтерілген «Ерке сылқым» күйі тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, тылсым әлемге тартқан туынды. Ал күй авторы Әбдімомын Желдібаев Шу ауданының тумасы, бұл күнде сол өңірде тұрады. Қазақ күй өнеріне сіңірген еңбегі үшін күйші «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Қазақстан • 10 Шілде, 2018
Қостанай ауданындағы «Заречный» ауылында өткен «Қымызмұрындық» фестивалі жалпы облыс өңірінде алғаш рет ұйымдастырылды. Алдын ала хабарланған соң, «қымызды да, қызықты да көрмек керек» деп ағылған жұртта есеп жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден еліміздің әр шалғайында өтіп жатқанын естігені болмаса, Қостанай-Торғай өңірінде төрт түлікті түлеткен халқымыздың осы дәстүрі үзіліп қалған-ды.