Аймақтар • 10 Шілде, 2018

Абай алаңына 87 миллион теңге бөлінді

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «2018-2020 жылдарға арналған менің аулам» бағдарламасы қабылданған-ды. Биыл көп қабатты тұрғын үйлердің маңындағы он екі ауланы абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлінген.

Абай алаңына 87 миллион теңге бөлінді

– Семейдің көшелерін және аулаларды абаттандырып, гүл­дендіріп, көріктендіруге қа­лалық бюджеттен 1 миллиард 196 миллион теңге бөлінді, – деді қала әкімі Ермак Бидах­метұлы. – Бұл жұмысты күн сайын қадағалап отырмыз. Саламатты өмір салтын қалып­тастыру үшін қаланың әр жер­лерінде 11 спорттық алаң салыну жоспарланған. Оған 90 миллион теңге қаражат берілді. Әсіресе қала тұрғындары арасында қолдау тапқан Абай ала­ңын жөндеуге 87 миллион теңге бөлінуі өте құптарлық болды.

Қала көшелерін күрделі және ағымдағы жөндеуге осы жылға 2 миллиард 235 миллио­н теңге бөлінді. Жыл сайын қала көшелерінің жөнделуі тұр­ғындар тарапынан қолдау тауып отыр. 

Семей қаласы әкімінің бас­­пасөз мәслихатында та­рат­қан деректерге сүйен­сек, көптеген жылдар бойы жөн­делмеген Әсет Най­ман­баев көшесі ағым­дағы жөн­­деуден өтуде. Соны­мен қа­тар автокөліктер көп жүре­тін Тәңірбергенов, Титов, Ор­манды, Қабанбай батыр, Ай­мауытов және тағы басқа көше­лер жөнделуде. Қазіргі уа­қыт­та 36 көше жолдары ағым­­дағы жөн­­деуден өтті. 

Раушан НҰҒМАНБЕК,
журналист

СЕМЕЙ