Қазақстан • 10 Шілде, 2018

Қызық кітап сарбаздың серігі

764 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кітап – жан азығы. Әскери қызметшілердің көркем әдебиетке құмарлығы да жақсы нышан. «Батыс» өңірлік қолбасшылығындағы барлық әскери бөлімдер кітап қорымен қамтылған. Кітапханада, ақпараттық-тәрбие жұмысы кабинетінде, демалыс бөлмелерінде кітап оқып қана қоймай, өзара пікір алмасуға қажет жағдайдың бәрі бар.

Қызық кітап сарбаздың серігі

Әскери қызметшілер, әсіресе Қазақстан тарихын, батырлардың ерліктері жайлы шығармаларды, жалпы көркем әдебиетті оқуға ынталы. «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламалық мақаласы шыққан алғашқы күннен бас­тап осы бағыттағы жұ­мыстарға ерекше мән беріп келеді.

25744 әскери бөлімі ко­­мандирінің орынбаса­ры Елдос Бозғұлов: «Қызметтің алғашқы кезе­ңінде сарбаздарға нағыз Отан қорғаушы ретінде қа­лып­тасуларына бағыт бе­ретін кі­таптарды ұсы­на­мыз. Мы­­салы, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жо­лы», Ілияс Есен­бер­лин­нің «Көш­пен­ділер», Саға­дат Нұрмағам­бетовтің кітап­тарын сарбаздар қолдан-қолға тигізбей оқиды. Не­гізінен қазақ тіліндегі әде­биетке деген сұраныс жо­ғары, сондықтан кітапхана қорын үнемі толықтырып отырамыз», – дейді.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ