Руханият • 23 Шілде, 2020
«...Бола алмаймыз ешқашан ұлы халық!»
Қазір біздің қоғамда кім болсақ та әйтеуір қазақ болғымыз келмейтін бір жаман әдет қалыптасты. «Қазақ жалқау», «қазақ тойшыл», «қазақ мансапқор», «қазақ жемқор». Жаман қасиеттің барлығы байғұс қазақтың өн бойынан табылады екен. Басқасын қайдам, халқын жамандаушылар арасында жаһандық жарыс бола қалса, бас жүлдені қазақтар алатынына ойланбай-ақ бәс тіге беруге болады. Біз сияқты туған ұлтының жер-жебіріне жетіп ұрсатын халық жоқ шығар жер жүзінде?!
Футбол • 23 Шілде, 2020
«Алтын доп» жүлдесі тапсырылмайды
France Football басылымы пандемияға байланысты дәстүрге айналған «Алтын доп» сыйлығын тапсыру рәсімін биыл өткізбейтінін мәлімдеді.
Руханият • 23 Шілде, 2020
Архив құжаттарына жанашырлық қажет
Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетінде Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбит Шілдебай «Қазархив» басқармасы қажет» атты мақаласында өте өзекті мәселені көтеріпті.
Руханият • 23 Шілде, 2020
Дүние – үндестік перзенті. Кез келген жаратылыс өз орнына ие. Жұмыр жер бетінде өсімдік атаулының сан мыңдаған түрі өседі. Үлкен-кішілігіне қарамастан, әр өсімдіктің атқарар өзіндік қызметі бар. Кез келген бір жаратылыс жойылар болса, дүние толық емес деген сөз. Дегенмен әр халықтың болмысына жақын өсімдік бар. Біз үшін шөл қойнауында өсетін жусан құнды. Қай елде өмір сүрсе де, әр қазаққа сол жусан іспетті жүрегіміздің төрінен орын сақтаулы. Біз өз болмысымызбен аяулымыз. Ұлтымыз болмаса, әлемнің кеңдігінен не пайда?!
Пікір • 23 Шілде, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап білемін. Арамызда пікір қайшылықтары да болды. Бірақ уақыт бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымызға сызат түсірген емес. Себебі Президенттің журналистермен кездесуі кезінде айтқанындай, пікір әртүрлі, халықтың біртұтас екені қадым заманнан белгілі. Ақиқаттың өзегі ашық пікірталастарда, пікір қайшылықтары барысында ашылады, соңғы нәтиже мемлекеттік және ұлттық мүддеге басымдық берумен түйінделеді.