Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетінде Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбит Шілдебай «Қазархив» басқармасы қажет» атты мақаласында өте өзекті мәселені көтеріпті.

2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 қаулысымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлы технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлы экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау.
Бағдарлама шеңберінде виртуалды мұражайлар, мұрағаттар желісін құру және барлық музейлік, архивтік қорларды, концерттердің, пьесалардың жазбаларын, материалдық және материалдық емес тарихи және мәдени мұраның маңызды элементтерін электронды форматқа аудару жоспарлануда. Ақпаратқа қол жеткізуді жаңа бірыңғай электронды порталын құру арқылы қамтамасыз етуге болады, ол еліміздің мәдени өмірін бір танымал ресурсқа аударуға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі мәдениеті мен өнерін алға жылжытудың және оны кең танымал ету мүмкіндіктерінің ең қолжетімді форматы.
Қазіргі жаһандану заманында тарихи құнды жәдігерлер мен құжаттарды көздің қарашығындай қорғаумен қатар, оны қалың көпшілікке таныту және халық игілігіне айналдыру – аса маңызды әрі жауапты іс. Осы жағдайда құнды тарихи құжаттар мен деректер сақталатын архив мекемелерінің орны ерекше. Архивтер бүгіндері мемлекеттің негізгі нышаны болып табылады. Себебі мемлекеттік архивтер еліміздің өткен тарихы туралы деректік және құжаттық мол мәлімет беретін аса маңызды мәселелердің біріне саналады.
Меніңше, «сандық фабрика» жобасына бөлінетін 96 млрд теңге қаржы «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетпес үшін, «Архив-2025» бағдарламасы аясында төмендегі мәселелерге назар аударған жөн деп ойлаймын.
Алдымен архивтердің материалдық базасын нығайтуымыз керек. Қазіргі күні Қазақстандағы архивтердің 80-90 пайызға жуығы кешегі кеңестік кезеңдегі ғимараттар. Архивтер өрт-дабыл қондырғыларымен жабдықтау, темір және автоматты сөрелермен, аса құнды құжаттарды сақтайтын герметикалық өздігінен жабылатын бокстармен жабдықтау соңғы үлгідегі компьютер, көшірме аппараттарымен жабдықтауды қажет етеді. Сонымен бірге біздегі архивтердегі қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер әлі де толық дұрыс жолға қойылмай келеді.
Жұмыс істейтін жас архивистерге арнап мемлекеттен жалдамалы пәтерлер бөлуді қолға алған жөн. Қазір қалалық жерлерде жұмыс істейтін жас архивистер мардымсыз ақшамен үй жалдап тұра алмайды, сондықтан қаржысы көп жұмыс көзін іздеп кетіп жатады. Оларды қызықтырып тұрғын үй кезегіне қою, архвистердің жалақысын 30-40 пайызға дейін көтеру керек. Кешеге дейін облыстық немесе аудандық әкімдіктегі беделді адамды зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін архивке басшы қылып жіберу дәстүрі сақталып келді, бұдан арылатын күн жетті деп ойлаймыз.
Архивтегі штат бірлігіне мән беру керек, себебі архив қорындағы құжаттар санына байланысты штат бірлігін белгілеу қажет.
Жоғары оқу орындарында архивист кадрларын даярлау, архив саласы бойынша мәліметтерді сараптау және өңдеу бойынша маман (Data Scientist), ІТ мамандар әзірлеуге мән беретін кез жетті. Қазір аудандық архивтерде бір бағдарламашы жылына 141050 парақты сканерлеп (тігу, сөгу) отыр, осыған жоғары, орта білімі бар жұмыссыз жүрген 2 бағдарламашыны қоссақ, жұмыс көлемі артқан болар еді. Аудандық жерлердегі сканерленген құжаттарды облыс орталығындағы сервис орталықтарына қосу керек.
Архив құжаттарын цифрландыру үшін сервистік орталық, сканерлеу кезінде көшірмені сөккенде, тіккенде әрбір құжатқа жекелей мән берілгені жөн. Сөгіп сканерлеу, қайта тігу, бүлінген, үлбіреп тұрған, мәтіні өшіп бара жатқан ескі парақтарды орнына келтіріп тігу, реставрациялау бір мезетте жүргізілетін жұмыстар. Бұл жұмыстардың барлығына арнайы білімі бар архивист мамандар қажет. Архивтердегі құжаттардың барлығын цифрландыру қажет деп ойлаймын. Себебі қорға алынған құжаттардың барлығы СТК-дан іріктеуден өткен, тарихи маңызы бар құжаттар. Сканерлеу жоспарлағанда алдымен арнайы комиссия құрып, аса құнды құжаттарды жоспарлаған жөн.
Көпшілік жағдайда архивті еңбек өтілін анықтап, куәландыратын орын деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Архивтің қоғамға қандай пайда әкелетінін, әлемге тараған короновирус кезінде архивистер виртуалды көрмелер, онлайн сабақтар, семинарлар, кездесулер ұйымдастыру арқылы көрсете білді. Бағдарлама бойынша жұмыс көзі ретінде архив саласын жұмыссыздармен толтыру барып тұрған көзсіздік.
Сонымен қатар ұлттық архив құжаттарын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қолына беру ақылға қонымсыз іс деп ойлаймын. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы заңының 7-бабы «Ұлттық архив қорының құжаттарын меншіктену құқықтарына кепілдік беру мен оларды қорғау» туралы 6-тармақшасында «Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншік құқығын беруге байланысты мәмілелер жасау объектісі бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшін басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды» – деп көрсетсе, «Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдаланудағы шектеулер» туралы 16-баптың 4-тармақшасында «Аса құнды құжаттардың төлнұсқалары, сондай-ақ физикалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз архивтік құжаттар архивтік құжаттарды пайдаланушыларға берілмейді. Олардың орнына көшірмелері беріледі» деп көрсетілген. Біздегі аса құнды және ескі құжаттарды жекенің қолына беру, біріншіден заң талаптарына қайшы келсе, екіншіден, қолда бар барлық құнды құжат желге ұшып, айдың аманында айырылып қалмасымызға кім кепіл бола алады?
«Архив-2025» бағдарламасы аясында бөлінгелі отырған қаражатты шетелдік архивтерден қатар өзіміздегі құжаттарды ғылыми айналымға тартып, кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізген жөн.
Болатбек ҚУАТОВ,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ Арал аудандық филиалының басшысы
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар