Теннис • 14 Шілде, 2023
Чемпиондық атағын қорғай алмады
Теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон додасының былтырғы жеңімпазы Елена Рыбакина биылғы жарыста өз атағын қорғай алмай, турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды.
Футбол • 14 Шілде, 2023
Жыл сайын Еурокубок ойындарына қатысып, мол тәжірибе жинап жүрген елорданың «Астанасы» УЕФА Чемпиондар лигасының биылғы маусымдағы жорығын бастады. Былтыр ел біріншілігінде үздік шығып, Чемпиондар лигасы дейтін абыройлы турнирдің іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болған Григорий Бабаян шәкірттері жаңа маусымдағы тұсаукесер кездесуін Грузияның «Динамо» командасымен өткізді. «Астана Арена» стадионындағы алғашқы ойында командалар тең түсіп, кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Халық • 13 Шілде, 2023
Аз қамтылған отбасыларға қамқорлық
Ел тұрғындарын жылу, электр энергиясы, су және басқа да коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымында қордаланған мәселелерді шешу үшін «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оған сәйкес 2023-2029 жылдарға 62 мың км инженерлік желілерді жаңғырту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ аталған бағдарлама аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегі қарастырылған.
Инфографика • 13 Шілде, 2023
Жалақыны инфляцияның «жеп» қоюы, төлеу қабілетінің төмендеуі сынды жағымсыз факторларды ескергенде, елімізде дайын баспана сатып алу қара халық үшін қиял-ғажайып ертегідей көрінеді. Сондықтан өз бұрышына қол жеткізуді арман еткен жұрт көбіне тұрғын үй құрылысына үлескер болуға мәжбүр.
Білім • 13 Шілде, 2023
Батыс Қазақстан облысы кейбір салада көп жылдан бері қалыптасқан маман тапшылығын жергілікті бюджеттен білім грантын беру арқылы шешуге тырысып келеді.