Руханият • 23 Шілде, 2020
Троицк мешітінің имамы киіз үйде тұрады
Қазақ руханиятының тарихында өзіндік орны бар Троицк шаһарын жанай ағып өтетін Үй өзенінің сол жақ жағалауындағы боз бетегелі кең алқапта кәдімгі қазақтың ағаш керегелі ақ шаңқан киіз үйі тұр. Ескінің өзіндей, ата-бабаның көзіндей көрінген еңселі ақбоз үй сонау алыстан көз тартып менмұндалайды. Сондықтан алыс-жақынға сапарға шыққан жолаушы бұл үйге қарай еріксіз ат басын бұрып қызықтап келіп, аз-кем аялдап өтеді.
Таным • 23 Шілде, 2020
Қонаев қалдырған бір қорап жіп
Аңызға бергісіз тарихы бар әлемдегі ең ғажайып 32 мешіттің сұлбасын кестеге түсірген қазақ қызы туралы не білесіз? Басқа мамандықтың иесі болса да, табиғат берген талантын тұншықтырмай, ине мен жіпті отыз бес жыл жанына серік еткен Гүлнар Бақытқалиқызы Алматыда тұрады. Ғаламдық сәулет өнерінің таңғажайып жәдігеріне баланатын әсем ғимараттар кесте тілінде тіптен құлпыра түсетіндей.
Әлем • 23 Шілде, 2020
Құтқарушысын құрметтейтін пингвин
Жуықта британдық тәуелсіз басылым, күнделікті жарық көретін «Индепендент» интернет-газетінде Диндим атты пингвин мен Солтүстік Америка құрлығындағы Аргентина республикасы Патагония штатының тұрғыны Жуан Перейра де Соуза арасындағы татулық қатынас жайлы қызық оқиға жарияланыпты.
Қоғам • 23 Шілде, 2020
Суармалы жерлерді сумен қамти аламыз ба?
2030 жылы Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және қайта құру есебінен 3 млн гектар суармалы жерді сумен қамту жоспарланып отыр. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Марат Иманәлиевтің айтуынша, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мәселеге айрықша назар аударуы оның әлеуметтік маңызы мен еліміз үшін стратегиялық мәнін көрсетеді.
Экономика • 23 Шілде, 2020
Қарағанды облысының әкімдігі ұсынған деректерге сай, өңірде биылғы алғашқы алты айдың ішінде әлеуметтік-экономикалық даму жағынан негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етіліпті.